Сабақ тақырыбы: «М. Мақатаев қара өлеңнің Хантәңірі»,


-тапсырма (5 минут) )(1,2,3,5- модульдер)



бет2/2
Дата17.11.2016
өлшемі459,87 Kb.
#1956
түріСабақ
1   2

3-тапсырма (5 минут) )(1,2,3,5- модульдер)

Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып,сөйлем құрау



сылқ

сөйледі

сақ-сақ

тамшылады

күбір-күбір

күй төкті

күмбір-күмбір

құлады

тырс-тырс

күлді



5-әрекет (5 минут)(2,3,5,7-модульдер)

Еліктеу сөз тақырыбынан алған білімдерін тексеру .Тест жұмысы

1-топ Мақал-мәтел

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады

В)гүр-гүр

С)бүлдіреді

Д)илекте


2.Бейнелеуіш сөзді тап:

А)тарс


В)жалт-жұлт

С)сыңғыр


Д)арс-арс

3.Негізгі еліктеу сөзді тап:

А)шұбартөс

В)қыңқ


С)елпең

Д)күркіре

4.Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап:

А)-ша,-ше,-қы,-кі,

В)-аң,-ең,-ың,-ің,

С)-ыс,-іс,-ым,-ім,

Д)-а,-е,-ар,-ер,

5.Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап:

А)...сауға,-деді саңқ етіп

В)даусы қатты шықты

С)шаңы бұрқ етті

Д)мылтық даусы тарс-тұрс естілді



2-топ Жұмбақ

1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

А) Ол сақылдап күлді.

В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С)Су сылдыр-сылдыр ақты.

Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.

2.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.

А)тырс


В)жалт

С)маймаң-маймаң

Д)тарс

3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой.Қарға .....етті.



А)бұрқ

В)сарқ


С)қарқ

Д)сарт


4.Бейнелеуішті белгіле

А)күні-түні,әрі-бері

В)үлкенді-кішілі

С)тыпың-тыпың,жыбыр-жыбыр

С)әкелі-балалы,балалы-шағалы

5.Еліктеу сөзді тіркесті тап

А)сыл-сылқ күлді

В)емін-еркін отырды

С)мыңға жуық

Д)әттең, естімедім –ау



3-топ

Жаңылтпаш

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады

В)гүр-гүр

С)бүлдіреді

Д)илекте


2.Бейнелеуіш сөзді тап:

А)тарс


В)жалт-жұлт

С)сыңғыр


Д)арс-арс

3.Негізгі еліктеу сөзді тап:

А)шұбартөс

В)қыңқ


С)елпең

Д)күркіре

1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

А) Ол сақылдап күлді.

В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С)Су сылдыр-сылдыр ақты.

Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.

5.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.

А)тырс

В)жалт


С)маймаң-маймаң

Д)тарс


6-әрекет. Ой қорыту. (2,5,7-модульдер) (5 минут)

«Алты қалпақ» әдісімен сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытады

Ақ – негізгі ақпарат

Қызыл- эмоция

Жасыл-шығармашылық

Сары-оптимизм

Қара-негатив

Көк-салқынқандылық,шешім



7-әрекет Бағалау( 1 минут)(3-модуль)

«5» - 13-15 балл

«4» -10-12 балл

«3» -7-9 балл

«2» -0-6 балл
8-әрекет. Рефлексия. ( 1 минут)(1,2,3-модульдер)

Смайликтермен сабақтан алған әсерімен бөлісу








«Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикадырова Ақжарқын Тилеубекқызының ашық тәрбие сағаты

«Ақиық ақын М.Мақатаев»

1-Жүргізуші:

Армысыздар! Қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Өзі тірісінде «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»-деп жырлап, поэзия пайғамбарына айналған ғасыр ақыны М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Ақиық ақын М.Мақатаев» атты 5 «г» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жұргізуші:

ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері,жаухар жырдың марқасқасы,қазақтың дәл өзіндей қасиетті қара өлеңін жыр әлемінде, поэзия көгінде қарлығаштай қалықтатып, айдынына аққуындай қондыра білген, бар ғұмырын поэзияға арнап өткен М. Мақатаевтың туғанына биыл 82 жыл толып отыр.Ақындық талантымен, сезімді селт еткізер сұлу, сырлы жырларымен туған халқының жүрегіне жол тапқан, өзі бақилық болса да атақ даңқы алты алашқа ғана емес, алпыс мың ғаламға күн шапағы сияқты молынан жайылған М.Мақатаев уақыт керуенінің алдыңғы сапында жыр сүйер қауымға етене жақындай түсуде, жыр ошақта от болып лапылдай түсуде.

1-жүргізуші:

Ендеше бүгінгі кешіміздің шымылдығын М.Мақатаевтың «Атамекен» өлеңімен ашайық.

2-жүргізуші: Кешіміздің келесі кезегі «Бала Мұқаметқалиден-ақиық ақын Мұқағалиға дейін» деп аталады. Ендеше М.Мақатаев өмірінің тарихи тізбесіне шолу жасайық.(слайдпен М.Мақатаевтың өмірбаяны көрсетіледі)

1-оқушы:

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай ,-деп ақынның өзі жырлағандай болашақ ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Қарасаз ауылында дүниеге келген.Азан шақырып қойылған аты –Мұқаметқали, бірақ ата-анасы еркелетіп Мұқағали атап кеткен.

2-оқушы:


Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған,- деп жырлаған ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы майданда қаза табады.

3-оқушы:

Шешем менің иілген сұрау белгі,

Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.

Қалай ғана қалпына келтірерсің,

Дауылдар майыстырған мынау белді.

Ақынның шешесі Нағиман Батанқызы 90 жаста өмірден өтті.

4-оқушы:

Әже ,сен бірге жүрсің меніменен,

өліге мен өзіңді телімегем,

Ақ кимешек көрінсе сені көрем

Ақ кимешек жоғалса... нені көрем ?-деп айтқанындай Мұқағали ер мінезді әжесі Тиінге табиғи болған.

5-оқушы:


Білімің ше, орташа ғой , алайда өзім жоғарыға балаймын ,-демекші, ақын 1948 жылы ҚАЗМУ-дің филология факультетіне оқуға түседі.

6-оқушы:


Сенсің-бақыт: менімен душарласқан,

Сенсің –жар: жүрегімнің сырын ашқан, - деп өзі жырлағандай 1949 жылы сүйіктісі Лашынға қосылып, шаңырақ көтереді.Ол кезде Мұқағали 18 жаста еді.

7-оқушы:

1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді.

8-оқушы:

1957 жылы Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады.

9-оқушы:

Өлеңім өлтірмейді деген сеніммен 1962 жылы Алматыға көшіп келеді.

10-оқушы:

1964 жылы «Ильич» атты алғашқы кітабы жарыққа шығады. 1965-66 жылы Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімін аударады.

11-оқушы:

Поэзия менімен егізбе едің ?...-деп айтқанындай қаламы жазудан құрғамаған ақынның 1965-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинақтары жарыққа шығады.Жалпы 1000-нан астам өлең жазып, «Аққулар ұйықтағанда» , «Райымбек,Райымбек» «Моцарт жаназасы» т,б поэмалар ,көркем аудармалар қалдырды.

12-оқушы:

1970 жылы жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.

13-оқушы:

1973-74 жылы Мәскеудегі әдебиет институтында оқиды.

14-оқушы:

Қай күні менің тәмамдалады дастаным?

Бітпесе екен жаңадан ғана бастадым,- деп жырлаған ақын 1976 жылы 27 наурызда бауыр циррозы ауруынан көз жұмады.

15-оқушы:

Ақынның артында Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан атты ұрпақтары қалды.

1-жүргізуші

Кешімізді әрі қарай М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қуанышыңмен» әнімен жалғастырамыз. Орындайтындар:Сәрсенбек А , Советбекова Б.

2-жүргізуші

«Өлсе өлер М.Мақатаев ,алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім» ,-деп ақынның өзі жырлағандай келесі кезекті тағы да жыр кезегіне берейік .

1.Советбекова Ботагөз « Өмір жайлы»

2.Нұғман Нурулла «Мен Үйсінмін»

3.Өтепберген Ерсұлтан «Болашаққа»

1-жүргізуші:

Кешімізді әрі қарай М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қуанышыңмен» әнімен жалғастырамыз. Орындайтындар:Сәрсенбек А , Советбекова Б.

2-жүргізуші

М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.

Ана рөлінде -Берікболова Камила

Жары –Іңкәрбай Санжар

Жылқышы- Айғасқаев Айтуған

Автор-Асылбекқызы Аружан

1-жүргізуші

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! -Сіздерге дайындаған тосын сыйымыз бар.Ол қандай сый деп ойлайсыздар?

2-жүргізуші

-Қазір сіздер ақынның өз даусымен оқыған өлеңін тыңдайсыздар, ендеше назар аударып , мұқият тыңдайық!

1-жүргізуші

Кешімізді ары қарай Берікболова Камила өзінің «Жаса, қазақ» әнімен жалғастырады.

2-жүргізуші

-Бүгінгі кеш жыр кеші болғандықтан ,кешімізді тағы да ақынның жырларымен жалғастырсақ дейміз , біздің сыныптың оқушылары өздерінің сүйікті ақыны М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды.Ендеше келесі кезекте ортаға Нұртаева Нариманы ақынның жол апатынан қайтыс болған қызына арнаған «Майгүлге» өлеңімен шақырамыз.

Асылбекқызы Аружан « Өмірдің ағы мен қарасы»

1-жүргізуші

Сыныбымыздың өнерлі оқушысы Нұғман Нурулланың орындауында әсем күй тыңдаңыздар.

1-жүргізуші

Құрметті кеш қонақтары кешімізді жас ақын Әміреев Жұматайдың «Ақынға тағзым» өлеңімен аяқтаймыз.

Наурыз мерекесі

1-жүргізуші:

-Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

-Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:- Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

Бір-екі оқушы жарапазан жырын орындайды

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:



Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда ................................ әнімен ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, шақырамыз.

-Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, бүгінгі мерекеміз ерекше болсын деп , осы жиынға жиналған қауымды екі ауылға бөліп сайыс түрінді өткізсек деген ойымыз бар. Бүгін осы екі ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:



І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.

VI.Ұлттық ойындардан жарыс
1.Алғашқы сайыс бойынша әр ауылдан бір ұл бала мен , қыз бала немесе ата-ана қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісін көрсетеді

2. Әр ауыл халқымыздың бір ұлттық тағамын әкеліп таныстырып, дәм татқызады, құрамын , дайындалу тәсілімен бөліседі.

3. 1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Екі ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)


  1. Би

  2. Күй

  3. Ән

4.1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

.2-жүргізуші

- Сайысымыз мынадай

Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып екі ауыл халқымыздың салт-дәстүрін көрсетеді. Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Келін түсіру», «Бата беру» т.б.

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

1-жүргізуші Келесі кезекті ұлттық ойындарға берейік

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші:

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

1-жүргізуші

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!



Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикадырова Ақжарқын Тилеубекқызының қысқа мерзімдік жоспары

Кезеңдері

Қазақ тілі

3– сынып


Сабақ тақырыбы:

Дыбыс және әріп


Мақсаты :

А) Білімділік

Ә)Дамытушылық

Б) Тәрбиелік

А) Оқушыларға дыбыс және әріп туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау ,дыбыс пен әріптің айырмашылығын айқындау,дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастыру, дыбыстың түрлерін еске түсіру;

Ә) ауызша жаттығулар орындау арқылы тілдерін дамыту, дұрыс айту , дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру;

Б) Табиғатты аялауға, татулыққа,еңбекқорлыққа қызықтыру ;


Сілтеме:

1. Қазақ тілі оқулығы, 3- сынып

2. Ғаламтор беттері, журналдар, әдістемелік нұсқаулық




Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1. Жұппен, жеке жұмыс жасай отырып,сыни тұрғыдағы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты меңгереді ;

2. Дыбыстарды таза әрі дұрыс айтуға машықтанады, дыбыстың түрлерін еске түсіреді;

3 . Логикалық тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттері дамиды. ;


Негізгі идеялар:

Тақырып бойынша білімдерін жинақтап,

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар

Фишкалар


Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер, АКТ,СТО

Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, ВЕНН диаграммасы




1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс


Дерек көздері:

1. Қазақ тілі әдістемелігі, 3- сынып

2.Интернет желісінен алынған материалдар

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

4.Ғаламтор беттері






Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Кезеңдері , уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (1 мин)

1. Кезекшімен сұхбат.

2. Бүгінгі сабаққа бір- біріне жақсы сөздер айтқызу .



1. Жақсы тілектер мен сөздер айтады .

ІІ. Үй тапсырмасы

(5минут)


  1. «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жасау

  2. 13-жаттығу

  3. Сөйлеу мәдениеті тақырыбын оқу

Оқушылар үй тапсырмаларын оқиды, 4-5 оқушы ереже айтады

ІІІ. Жаңа тақырып (12 мин)

І. Қызығушылығын арттыру .

Ой шақыру

1.Дыбыс пен әріп деген не?

2.Айырмашылығын еске түсіру

3.Дыбыстардың түрлерін айту


Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап беріп, білімдерін пысықтайды.

Мағынаны тану

1-жаттығу

Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу

2-жаттығу

Отан туралы өлеңді оқып, мағынасын талдау, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызу

3-жаттығу

Берілген буындардан сөз құрау



Оқушылар сыни тұрғыда ойлана отырып берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Қара жорға» биімен сергіту сәтін орындау

Би билеу

ІІІ.Семантикалық карта. Жеке жұмыс . (3 минут)






Жуан

Жіңішке

Жуан-жіңішке

1

Хабар










2

Қадірлі










3

Егінжай










4

Қызмет










5

Дәптер










6

Беймаза










7

жауынгер












ІV. Қорытындылау

(5 мин)

ВЕНН диаграммасын құру .

Дыбыс ұқсастық Әріп










ВЕНН диагрммасын құра отырып, дыбыс пен әріптің ерекшелігі мен ұқсастығын дәлелдейді.

V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)

9-жаттығуКерек сөздерді тауып, сөйлемдер құрау

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып, шығарманың мақсатымен танысады .


VI . Бағалау (2 мин)

Оқушылардың өздері жинаған фишкалары бойынша,бағалау жүргізу .

Оқушылар жинаған фишкаларын есептейді

VI . Бағалау (2 мин)

Оқушылардың өздері жинаған фишкалары бойынша,бағалау жүргізу .

Оқушылар жинаған фишкаларын есептейді

VIІ. Рефлексия

(1 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет