Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет21/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысы.


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



Оқушылар алгебралық өрнектер, оларға амалдар қолдану, жақшаны ашы, ортақ көбейтікшті жақша сыртына шығару, тепе-тең түрлендіру тақырыптары бойынша жазба жұмысындағы есептерді шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың бақылау жұмысының есептерін шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген ережелерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Тапсырмалар

6 сынып математика әдістемесінде берілген бақылау жұмыстарының нұсқалары

Өз бетінше жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Алгебралық қосынды түрінде жазыңдар

-0,8m; 0,7n; 9k; -g;

1\3х; 5\8у; -z; -13;

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

2тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар

а) 2+3а, мұндағы а=-5

ә) 7-2b, мұндаға b=-1



а) 8с-9, мұндағы с=-3

ә) 4+5d, мұндағы d=6



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

3тапсырма: Мәтінді есеп

Інісі х жаста, ағасы одан 1,5есе, әкесі 3,5есе үлкен. Атасының жасы баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең. Атасы неше жаста? Мұндағы х=12.

Саяхатшылар бірінші күні жүруге тиісті а км жолдың 1\4-ін, екінші күні бірінші күннің 2\3-ін жүрді. Қалғанын үшінші күні жүрді. Үшінші күні қандай қашықтықты игерулері тиіс еді? Мұндағы а=300км.

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

4тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

-12,7+(х-5,3)=0,9

0,3-(7,2+х)=-1,5

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

5тапсырма: Жақшаларды ашып, ықшамдаңдар

5(5х+2)-3(2х-5)=

6(х+3у)-(2у-3х)=




Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§21-24 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

Материал мәтінін оқу, ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысын пысықтау, қатемен жұмыс


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



Оқушылар алгебралық өрнектер, оларға амалдар қолдану, жақшаны ашы, ортақ көбейтікшті жақша сыртына шығару, тепе-тең түрлендіру тақырыптары бойынша жазба жұмысындағы есептерде жіберген қателерін түзетіп, өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың бақылау жұмысының есептерін шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген ережелерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Тапсырмалар

6 сынып математика әдістемесінде берілген бақылау жұмыстарының нұсқалары

Өз бетінше жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Алгебралық қосынды түрінде жазыңдар

-0,8m; 0,7n; 9k; -g;

1\3х; 5\8у; -z; -13;

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

2тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар

а) 2+3а, мұндағы а=-5

ә) 7-2b, мұндаға b=-1



а) 8с-9, мұндағы с=-3

ә) 4+5d, мұндағы d=6



Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

3тапсырма: Мәтінді есеп

Інісі х жаста, ағасы одан 1,5есе, әкесі 3,5есе үлкен. Атасының жасы баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең. Атасы неше жаста? Мұндағы х=12.

Саяхатшылар бірінші күні жүруге тиісті а км жолдың 1\4-ін, екінші күні бірінші күннің 2\3-ін жүрді. Қалғанын үшінші күні жүрді. Үшінші күні қандай қашықтықты игерулері тиіс еді? Мұндағы а=300км.

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

4тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

-12,7+(х-5,3)=0,9

0,3-(7,2+х)=-1,5

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

5тапсырма: Жақшаларды ашып, ықшамдаңдар

5(5х+2)-3(2х-5)=

6(х+3у)-(2у-3х)=

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§21-24 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

Материал мәтінін оқу, ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау



Күні







Сабақтың тақырыбы

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, оқушылардың өз бетінше білім алуларына ықпал жасау. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау мәтінмен жұмыс

ax=b түріндегі теңдеу – бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. (х-айнымалы, а мен b 0мен 1-ден өзге сандар).

Теңдеулерді ықшамдау барысында мәндес теңдеуге түрленеді. Мысалы: 2(2х+3)=0 және 4х+6=0 теңдеулері мәндес теңдеулер. Түбірі болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады. теңдеулерді түрлендіріп, ax=b түріне келтірудің екі қасиеті бар:

І. Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына шығарғанда теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалы: 2х+1=3х-2;

2х-3х=-2-1;

-х=-3; х=3;

ІІ. Теңдеудің екі жағын да 0-ден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде оған мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалы: 5х+2=3х+6;

5х-3х=6-2;

2х:2=4:2; х=2;



ax=b теңдеуін шешудің 3түрлі жағдайы бар:

І. a≠0, b≠0 болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, х=b\a теңдеуін аламыз. Бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі болады.

Мысалы: 3х=9; х=9\3; х=3.

ІІ. а=0, b≠0 болса, теңдеу 0х=b. Демек, бұл жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.

Мысалы: 2х+5=2х+7

2х-2х=7-5

0х=2, түбірі жоқ.

ІІІ. a=0, b=0 болса, теңдеу 0х=0. Демек, бұл жағдайда теңдеудің түбірі кез-келген сан бола алады, яғни түбірі шексіз.

Мысалы: х+4х+6=5х+6

5х+6=5х+6

5х-5х=6-6

0х=0, х-ке қандай сан қойсаң да теңдеудің түбірі болады.



Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай отырып, білім алуға мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№835,837,838,839

Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. №836

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Санды теңдіктер және олардың қасиеттеріне есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

2) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

3) Айнымалы дегеніміз не?

4) Теңдеудің неше қасиеті бар? Тұжырымдаңдар.

5) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табамыз?


Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, білімдерін тексереді, дамытады

Тапсырмалар

№840 Теңдеудің түбірін табыңдар:

1) 7х-(3+2х)=х+9; 3) 3х-(10-9х)=22х;

2) 13-(2х-5)=х-3; 4) 26-(17-2х)=5х;

№841 Теңдеудің түбірлерін табыңдар:

1)│у│=9; 3) 5)│у-2│=5;

2)│х│=1,6; 4)│х+7│=10; 6)│у-1,7│=4;

№842 Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан 3-ке артық. Бірінші санды табыңдар.

Ш: (2х+3)+х=21; 2х+3+х=21; 2х+х=21-3; 3х=18; х1=6; х2=2•6+3=15; Ж: 6 және 15.

№843 Бірінші бассейнде 1600м3, екінші бассейнде 1215м3 су бар. бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65м3 су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45м3 су құйылды. Екі ансос жұмыстарын бір уақытта бастағанда неше сағаттан соң су көлемі теңеседі?

№844 Қазір әкесі 34жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?

№845 Таңдау әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табыңдар:

1) х(х+3)=10; 3) (х+7)х=18;

2) х(х-1)=42; 4) (х-9)х=36;

№846 Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар:

1) 4х+5(3-2х)=5-11х; 3) 8х+3(7-2х)=4х++3;

2) 19-2(3х+8)=2х-37; 4) 23-4(3х+8)=1-17х;



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. №847

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет