Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет22/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау мәтінмен жұмыс

ax=b түріндегі теңдеу – бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. (х-айнымалы, а мен b 0мен 1-ден өзге сандар).

Теңдеулерді ықшамдау барысында мәндес теңдеуге түрленеді. Мысалы: 2(2х+3)=0 және 4х+6=0 теңдеулері мәндес теңдеулер. Түбірі болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады. теңдеулерді түрлендіріп, ax=b түріне келтірудің екі қасиеті бар:

І. Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына шығарғанда теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалы: 2х+1=3х-2;

2х-3х=-2-1;

-х=-3; х=3;

ІІ. Теңдеудің екі жағын да 0-ден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде оған мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалы: 5х+2=3х+6;

5х-3х=6-2;

2х:2=4:2; х=2;



ax=b теңдеуін шешудің 3түрлі жағдайы бар:

І. a≠0, b≠0 болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, х=b\a теңдеуін аламыз. Бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі болады.

Мысалы: 3х=9; х=9\3; х=3.

ІІ. а=0, b≠0 болса, теңдеу 0х=b. Демек, бұл жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.

Мысалы: 2х+5=2х+7

2х-2х=7-5

0х=2, түбірі жоқ.

ІІІ. a=0, b=0 болса, теңдеу 0х=0. Демек, бұл жағдайда теңдеудің түбірі кез-келген сан бола алады, яғни түбірі шексіз.

Мысалы: х+4х+6=5х+6

5х+6=5х+6

5х-5х=6-6

0х=0, х-ке қандай сан қойсаң да теңдеудің түбірі болады.



Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай отырып, білім алуға мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№848 Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар:

1)3)

2)4)

№849 Теңдеудің түбірін табыңдар:

1) 8у-3(2у-3)=7у-2(5у+8);

2) 5(2у-9)+6у=4(3у-2)-21;

3) 5у+7(3-у)=3(5-2у)-6;

4) 7у-4(3у+5)=2-3(4у-9);

№850 Теңдеуді шешіңдер:

1) 5(3-2у)-4(9-у)=3(у+5);

2) 14(2х-3)-5(х+4)=2(3х+5)+5х;

3) 9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8);

4) 6(7х-11)-13(х-6)=14(2х+1);

№851 Теңдеуді шешіңдер:

1) │у│+2=6; 3) 9+2│х│=12-│х│;

2) 3│х│-2=2│х│+3; 4) 4│х│-7=-2│х│+5;



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. №847

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия




Күні







Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

2) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

3) Айнымалы дегеніміз не?

4) Теңдеудің неше қасиеті бар? Тұжырымдаңдар.

5) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табамыз?


Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, білімдерін тексереді, дамытады

Тапсырмалар

№852 Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға теріп жазыңдар:

1) 13+28х=5х+17+23х;

2) 5-3х+4=17х+9-20х;

3)

4)9-16у=20-31у+15у;

№853 Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер:

1) х-тің қандай мәнінде 1,2х+7 және 2х+3 өрнектерінің мәндері тең болады?

2) х-тің қандай мәнінде 8,3-2,1х өрнегінің мәні 1,5х+11,8 өрнегінің мәнінен 2есе үлкен болады?

3) х-тің қандай мәнінде 9(13-0,8х) өрнегінің мәні 7,1х-5 өрнегінің мәнінен 6,7-ге кем болады?

№854 Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.

№855 АВ кесіндісінің ұзындығы 33см. АВ кесіндісін С нүктесі АС және ВС кесінділеріне бөледі. АС кесіндісінің 40%-ы ВС кесіндісінің 1\3-не тең. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар?

№856 8х-7=3х+n теңдеуінің түбірі: 1) -2;

3)-0,2; 3) 0,4; 4) 3 болатындай етіп, n санын таңдап алыңдар.


Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. №857 Теңдеулерді шешіңдер:

1)

2)

3)

4)


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия


Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет