Сабақтың тақырыбы Сабақ саны (сағ) Мерзімі І тоқсан 54 сағат



бет6/9
Дата17.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1) 1000-нан кіші натурал сандардың ішінде:

а) 2 және 3-ке бөлінетін сан нешеу?

б) бөлінбейтін сан нешеу?

2) Кітаптың беттерін нөмірлеуге 1308 цифр пайдаланылған болса, кітап неше бетті?

3) 1,2,3,4 цифрларының орнын алмастыру арқылы жазылатын 4 таңбалы сандардың санын және қосындысын есепте.

4) Отбасы мүшелерінің жасы бойынша алынған сандарының ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңыз.

3 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:







• «Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» тақырыбына есептер шығару.




Мақсат:




Білімдік

Білім

• «Жай және құрама сандар», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» тарауларынан алған білімдерін тұжырымдайды.




Түсінік

• «Жай және құрама сандар», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» тараулары бойынша білімдерін кеңейтеді.




Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• «Жай және құрама сандар», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» ұғымдарды қолдана отырып, күрделі есептерді шығарады




Талдау әрекеті

• Берілген негізгі ұғымдардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.




Шығармашылық әрекет

• Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік шығару алгоритмі бойынша білімдерін түйіндейді.




Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

• 5-сынып курсын қайталау материалдары 6-сынып материалдарын игерудегі маңызын және бұл туралы білім-біліктерінің өмірдегі қажеттілігін бағалайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (7 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру ( 20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).




Оқыту әдісі:







• Репродуктивті, ішінара ізденушілік




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







• Тақ және жұп сандар, жай және құрама сандар, еселік және бөлгіштер, ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ),ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ).




Оқушыда дағды қалыптастыру:







• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.




Ақпарат көздері:







1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010ж.

2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова.

3. Алдамұратова Т.А, Байшоланова Т.С. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра, 2011ж.

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

5. М-29 Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф, Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011ж. 64 б.





Оқушы жетістігін бағалау:







• Оқушының оқу іс-әрекеті ол ҚӘ блогының тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. алғашқы бекіту




Тақырып жоспар:

  1. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың бөлінгіштігіне мысалдар шығару.

  2. Мәтіндік есептерді шығаруда ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселіктерді пайдалану.

Слайдтар

1- слайд 1- тақырыпша Жай және құрама сандар. Натурал сандардың бөлінгіштігіне мысалдар шығару.




2- cлайд Жай және құрама сандар.

Натурал сандардың бөлінгіштіктеріне тест тапсырмалары.

Жер бетінде жаздың ауа райын қатесіз анықтауға мүмкіндік беретін құстар өмір сүреді. Бұл құстар ұяларын сәукеле тәріздес етіп соғады: егер ұяларын биік етіп соқса – жаздың жаңбырлы болатынын; аласа етіп соқса – жаздың құрғақ болатынын білдіреді. Берілген есептерді дұрыс шығарсақ сол құстың аты шығады.



 №

Тапсырмалар

Жауабы

Сәйкес келетін әріп

1

ЕҮОБ(102;238)

25

И

2

5 пен 7 цифрларын пайдаланып неше үш таңбалы сан жазуға болады? Оларды жазып көрсет.

1

Н

 


3

Асқар 15 сәбізді неше ең көп деген қоянға тең бөліп бере алады?

6

Л

 


4

ЕКОЕ(72,180)

15

А

5

Мен бір сан ойладым. Оны 3-ке көбейтіп, нәтижесіне 19-ды қосқанда, қосынды 94-ке тең болды. Мен қандай сан ойладым?

34

Ф

6

3-ке еселік сандардың ең кішісін тап: 6*233

3

О

7

Қыры 12 cм кубтың ішіне қыры 3 см неше кубты орналастыруға болады?

360

М

8

Екі санның көбейтіндісі бірінші көбейткіштен 3 есе артық. Екінші көбейткішті тап.

64

Г

Дұрыс жауаппен бірге онымен бір жолдағы әріп те өзгеруі шарт.




3- слайд 2- тақырыпша Мәтіндік есептерді шығаруда ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселіктерді пайдалану.




4- слайд

Мысал. Бірінші поездың купелі вагондарында 180 орын, екінші поездың купелі вагондарында 252 орын, үшінші поездың купелі вагондарында 216 орын бар. Купелі вагондардың әрқайсысындағы орын сандары бірдей.

а) Бір купелі вагонда неше орын бар?

б) Поездардың әрқайсысында неше купелі вагон бар?

Шешуі:


1) Жай көбейткіштерге жіктеу 180=2∙2∙3∙3∙5; 252=2∙23∙3∙7; 216=2∙2∙2∙3∙3∙3;

2) Жіктеудегі ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу; 2∙23∙3

3)Осы көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек. 2∙23∙3=36 Жауабы:а)36 б)5;7;6


5- слайд

Мысал.

Әлия мен Мәншүк үйден мектепке қарай бірге шықты. Әлияның қадамының ұзындығы 40 см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60 см. Әлия неше қадам жасағанда олардың толық қадамдары ең алғаш рет сәйкес келіп беттеседі?

Шешуі:

1) Жай көбейткіштерге жіктеу 40=2∙2∙2∙5; 60=2∙2∙3∙5;



2) бір санның жіктелген көбейткіштерін теру 2∙2∙2∙5;

3) олардың құрамында қалған сандардың жіктелуінде кездесетін басқа жай көбейткіштерді қосып;

4) барлық көбейткіштердің көбейтіндісін немесе ЕКОЕ-ін табу керек

2∙2∙2∙5∙3=120; Жауабы: 120 қадам









іі. аҚПАРАТ алмасу

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Жай сандар

Құрама сандар

ЕҮОБ

ЕКОЕ

Натурал сандардың бөлінгіштігі
















Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.9, 14, 15 және 27 сандарының ішінен өзара жай сандар жұптарын құр: __________________________________________Жауабы: (9;14), (14;15), (14;17).

2.40 және 27 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табу. __________________________Жауабы: ЕҮОБ (40 ; 27)=1 бұлар өзара жай сандар.

3.72;120 және 180 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табу. _________________________________________Жауабы: ЕҮОБ (72;120 ;180) =12.

4.75 және 45 сандарының ең кіші ортақ еселігін табу. _____________________________________________Жауабы: ЕКОЕ (75;45) =225.

5.4 және 15 сандарының ең кіші ортақ еселігін табу. _____________________________________________ Жауабы: ЕКОЕ (4;15) =60.

ІІ деңгей тапсырмалары

Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік табуға есептер

6. Екі санның ең кіші ортақ еселігі 360-қа тең, ал осы сандарды олардың ең үлкен ортақ бөлгішіне бөлгендегі бөлінділері сәйкесінше 3 және 5-ке тең.Осы сандарды тап. ______________________________________________________ Жауабы: 72,120.

7. Екі жетінші сынып оқушылары 737 оқулық сатып алды. Әрқайсысының сатып алған кітаптарының саны бірдей. Оқушылар саны қанша және әр оқушы неше оқулық сатып алды?

Шешуі: 737=67∙11, екеуі де жай сандар. Осыдан 67 оқушы 11 кітаптан сатып алғаны шығады.

8. Темір жол стансасының жанынан белгілі бір уақыт аралығында үш пойыз өтті. Бірінші пойызда – 418, екіншісінде – 494, үшіншісінде – 456 жолаушы болды. Егер әр вагондағы жолаушылардың саны бірдей екені белгілі болса және олардың саны мүмкін болатын сандардың ең үлкенін алу керек болса, әр пойызда қанша жолаушы вагоны бар?



Шешуі: 418, 456, 494 сандарының ЕҮОБ - і – 38, ендеше, әр вагонда 38 адамнан болған. 418÷38=11, 456÷38=12, 494÷38=13. Жауабы: 11; 12; 13.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Мәтінді есептің шарты бойынша шығару жолында ең үлкен ортақ бөлгіш немесе ең кіші ортақ еселік қайсысы қолданылады? Себебін түсіндір.

9. Қоймада 300-ден артық, 400-ден кем пышақ және шанышқы бар. Егер пышақ пен шанышқыны біріктіріп оннан және он екіден санағанда екі жағдайда да ондықтар мен он екіліктер саны бүтін санмен өрнектеледі. Егер пышақ шанышқыдан 160-қа кем болса, қоймада қанша пышақ және қанша шанышқы болған?

Қорытынды:___________________________________________________________

Шешуі: Пышақ пен шанышқы санының қосындысы 10 және 12-ге еселік болғандықтан, ол ЕКОЕ (10,12)=60-қа бөлінеді. 300 бен 400 сандарының арасындағы 60-қа бөлінетіні – 360. Олай болса, 100 пышақ, ал шанышқы – 260.

Жауабы: 100 пышақ, шанышқы – 260.




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.Сынып үш топқа бөлініп, келесі тапсырманы орындайды.

ЕҮОБ және ЕКОЕ табудың алгоритмі бойынша есептерді шығарады.

І топ

1. Берілген екі санның бөліндісі 35 және 77 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы берілген екі санның қосындысы 160 және 96 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Берілген сандарды табыңдар.Шешуі: ЕҮОБ (35;77)=7; ЕКОЕ (160 ; 96)=32. Жауабы:



ІІ топ

1. Екі санның бөліндісі 12 және16 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы екі санның қосындысы 50 және 75 сандарының ең кіші ортақ еселігіне тең.



Шешуі: ЕҮОБ (12;16)=4; ЕКОЕ (50 ; 75)=25.

Жауабы:

ІІІ топ


1. Екі санның бөліндісі 28 және 20 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы екі санның айырмасы 7 және 9 сандарының ең кіші ортақ еселігіне тең.

Шешуі: ЕҮОБ (28;20)=4; ЕКОЕ (7 ; 9)=63.

Жауабы:




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.




VI. Үй жұмысы




1.Ұл бала мен қыз бала 143 м ара қашықтықты қадамдап өлшеді, сонда олардың іздері 20 рет беттескен. Қыздың қадамы – 55 см. Ұл баланың қадамының ұзындығын тап.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет