Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның математика пәнінің мұғалімі



бет1/4
Дата21.04.2017
өлшемі1,25 Mb.
#14254
  1   2   3   4
Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның математика пәнінің мұғалімі

Кадырбаева Фарида Қонысбайқызы

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жан – жақты әдіс тәсілдерін қолдана білу және педогогикалық іс-тәжірбиені тарату мақсатында жүргізілген «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқу сапасын қалыптастыру» атты республикалық тәжірбиелік семинарда 6 сынып оқушыларымен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Мерзімі: 10.05.2014

Пәні:

математика

Сыныбы

6 «А»

Сабақтың реті

186

Мұғалімі:

Кадырбаева Ф.К.

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері

Жалпы мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу, графиктік, алмастыру тәсілдерімен есеп шығару білу қабілеттерін қортындылау.

Мұғалім үшін:

- жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргезе отырып, оқушылардың белсенділігін пәнге қызығушылықтарын арттыруға;

- оқушыларды меңгерген білімдерін жүйелей білуге, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге;

- тірек сызбаларын сызу арқылы, оны жүйелі түрде есте сақтауға;

оқушылардың қабылдаған білімдерінің деңгейін анықтап, объективті бағалауға ант беремін!


Оқушылар бүгінгі сабақта:

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі тақырыбындағы ережелерді жатқа айтуға;

- есеп шығару кезінде екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу, графиктік, алмастыру тәсілдерін тиімді қолдануға;

- әрбір тәсілдің жағдайларын саралай отырып дәлелдеп беруге;

- өз ойларын математикалық тілде жеткізе білуге ант етеді.


Күтілетін нәтиже

- кез келген екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шеше алатын болады;

- тарау бойынша алған білімдерін тереңдетеді, пысықтайды;

- өзара топта бірлесіп жұмыс жасайтын алатын болады.


Түрі

Білім, білік, дағдыны қортындылау (қайталау сабағы)

Типі

Интербелсенді патриоттық сайыс сабақ

Оқытудың әдіс тәсілдер

АКТ пайдалану, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, сын тұрғысынан ойлау, саралап деңгейлеп оқыту, В.Блум жүйесі бойынша «Мақсат қою» технологиялары, ақпараттық тірек сызбалары, оқыту үшін бағалау.

Құрал жабдықтар

Түрлі түсті қағаз, хат, маркерлер, қарындаштар.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсіліне берілген есептерді орындайды.

Жұппен жұмыс: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсіліне берілген есептерді орындайды.



Топпен жұмыс: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру, оны алмастыру тәсіліне берілген есептерді орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі






1. Сынып көшбасшысы:

- сынып оқушыларын рапортпен сапқа тұрғызады;

- сыныпқа бүгінгі сабақтың қолбасшысы Кадырбаева Фарида Қонысбайқызы кіріп келеді.

2. Қолбасшы: Армысыздар оқушылар!

Оқушылар: Саламатсыз ба.

Қолбасшы: Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесі құтты болсын!



Оқушылар: Ура! Ура! Ура!

3. Сынып көшбасшысы: Сапты түзеп, 1-ден 3 ке саналуын талап етеді.

Оқушылар: бірінші, екінші, үшінші деп саналып, соңғы оқушы санақтың аяқталғанын айтады.

Сынып көшбасшысы:

Бірінші болғандар 1 адым аттап І топқа:

Екінші болғандар 2 адым аттап ІІ тоқа ;

Үшінші болғандар 3 адым аттап ІІІ топқа тұруларын талап етеді..

4. Әрбір топ өздерінің сабаққа деген белсенділіктерін көрсету мақсатында топтарынан көшбасшыны тағайындап алып, партада тұрған Халық қаһармандарының атымен сабаққа даярлықтарын білдіреді.

І топ: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы топ сабаққа дайын.

ІІ топ: Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы топ сабаққа дайын.



ІІІ топ: Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы топ сабаққа дайын.


5. «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талаптану, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді» - деп Қ.Сәтпаев айтып кеткендей, бүгінгі сабақта әрқайсымыз білім майданының ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтерулеріңе тілектеспін.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет