Омская гуманитарная академия



бет2/21
Дата30.04.2018
өлшемі6,12 Mb.
#40336
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЛИТЕРАТУРА

  1. А.В. Торкунов. Статья - 2013 год.

  2. А.В. Торкунов. Современные международные отношения - 2012 год.

  3. Е. Сатановский. Россия и Ближний Восток. Котел с неприятностями - 2012 год.

  4. Косов Ю.В. Мировая политика и международные отношения - 2012 год.


Қуанбай А. - студент кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова

Капышев А.К. - к.и.н., зав кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова

Елюбаев Р.Б. - преподаватель кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова
КАЗІРГІ АМЕРИКАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ НӘСІЛШІЛДІК МӘСЕЛЕСІ
Әлем елдері арасында бірде - бір елдің тарихы Америкадағыдай нәсілшілдік және құл иеленушілікті бастан кешірген емес. Әрине ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Африка мемлекетінде апартаид жүйесі үстемдік етті, бірақ қазір бұл жүйе тарихта сақталып қалды. Америкада құл иеленушіліктің күші жойылғанына 150 жылдан астам уақыт өтіп бара жатса да миллиондаған қара нәсілді кемсітушілік пен нәсілшілдіктің зардабын тартуда. Мұның өзі Америка қоғамының кең бөлігінде нәсілшілдіктің тамыры тереңде жатқанын байқатады [1].

Мыңдаған жыл тарихы бар құл иеленушілік жүйесі ежелгі Римде өз шыңына жетіп, өрістеді. Батыс әлемі өзін Рим өркениетінің мұрагері деп білетіндіктен ахлаққа жат бұл әдіс, яғни адамдарды қанау қазіргі Батыс өркениетіне де тарап кетті. Америка құрлығының табылуымен және кейінірек Америка Құрама Штаттары деп аталған жаңа өлкеге ағылшын көшпенділерінің қоныстануымен құл иеленушілік одан сайын қауіпті сипат алды. 200 жылдан астам уақыт бойы африкалық қара нәсілділерді тиеген кемелер Американың айлақтарына келіп, адамдарды мал сияқты құл сататын базарларда саудаға салатын. Тарихшылардың барлығы АҚШтың қазіргі күш - қуаты жаңа құрлыққа ұрлап әкелінген миллиондаған африкалық құлдың еңбегінің жемісі деген сенімде. Америкадағы құлдардың қайғы - қасіреті мұңды хикая. Оның шағын бөлігі ғана "Том ағайдың лашығы" секілді кітаптарда бейнеленген. Осы әділетсіз, адамгершілікке жат және жабайы жүйе 19 ғасырдың жартысына дейін Америкада жалғасты. 1860 - 1864 жылдар аралығындағы Америкадағы төрт жылдық қанды соғыс сырт көзге құл иеленушіліктің күшін жою үшін басталған сияқты көрінгенімен, бірақ тіпті құл иеленушілікті жақтайтын оңтүстік штаттардың жеңілісі де азат болған миллиондаған қара нәсілдіні осы елдің қарапайым азаматына айналдыра алған жоқ. Ұзақ жылдар бойы қожайындар бұрынғы құлдарды езіп, қара жұмысқа тартатын. Америкада құл иеленушілік жүйесі ресми түрде ыдырап кеткенімен, бірақ осы елдің үкіметі азат етілген қараларды материалдық және рухани жағынан қолдамады. Сол кезде азат етілген құлдардың оқуға сауаты және жұмыс істеуге байлығы болмағандықтан тағы да бұрынғы қожайындарына қызмет атқаруына тура келді. Осылайша құл иеленушілік жүйесінің орнын нәсілдік кемсітушілік жүйесі басты.

Америка тарихындағы қапас дәуірлердің бірі - осы елде Куклос Кландар ағымының қалыптасуы кезі болып табылады. Америкада азаматтық соғыс аяқталып, ресми түрде құл иеленушіліктің күші жойылғаннан кейін осы ағым қалыптасты. Бұрынғы құлдарды аяусыз өлтіретін немесе оларды "Линч" ететін кісілер Куклос Клан деп аталды. Американың саяси сөздігінде бір топтың сырт көзге қылмыскер біреуді соттаусыз тірілей өртеуі немесе тіліп - тіліп өлтіруі сияқты жан түршігерлік тәсілдермен жазалайтын әрекеті "Линч" деп аталады. Куклос Кландар ақкөңіл қаралардың үрейін ұшыру үшін ақ киім киініп, өздерінің беттерін бүркеп алатын. Бұл кісілер Америкада құл иеленушіліктің күші жойылғаннан бірнеше он жылдық өткеннен кейін де қара нәсілділерді аяусыз өлтіріп, үнемі жазаланудан қашып үлгеретін. Мысал ретінде бейбақ қара адам біреуді өлтірді немесе ақ нәсілді біреудің малын ұрлады деп бірнеше ақ нәсілді адам куә болса, олар сотқа жүгінуінсіз қара нәсілді азаматты ұстап алып, аса аянышты түрде оны өлтіретін. Бұндайда сол кездегі Американың сот заңдары кісілерді өлтіруді заңсыз деп санайтын. Десе де Американың кең бөлігін нәсілшілдік рухы жаулап алуы қаралардың ақтармен тең құқыққа ие болуына кедергі болатын. Мұндай рух Америка қоғамында әлі де кездеседі. Оның ең жаңа мысалы бір қара нәсілді жігітті өлтіргені үшін Калифорния штатына қарасты Укланд қаласы полициясы үшін төрт жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығаруы болып табылады. Егер өлтірілген кісі ақ нәсілді болғанда кісі өлтіруші одан сайын ауыр үкімді күтуі керек болатыны сөзсіз [2].

Бүгінгі Америкада түрі мен түсі басқаларға және эмигранттарға қарсы әлі де болса нәсілшілдік жүріп жатыр. Бұл кісілер енді құл сияқты өмір сүрмейді, алайда осы елдегі нәсілдік кемсітушілік жүйесі мен нәсілге бөлу одан әрі тереңге кеткен. Бір қара нәсілдінің Ақ үйге жолдама алуымен басқа миллиондаған қара нәсілдінің жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ. Әрине мұндай қылық әдісі түрлі тапты қамтиды, оның бірі құл иеленушілікте және өзге бірі нәсілдік кемсітушілікте жатады. Батыстың адамзат құқығына қатысты мәтіндерінде нәсілшілдік, нәсілге бөлу және нәсілдік кемсітушіліктің кез - келген түрі айыпталған. Десе де көптеген Батыс елдері адамзат құқығын қорғау жөніндегі уәжіне қарамастан ашықтан ашық түрде қауымдар, ұлттар және нәсілдерді бөліп қарау және оларды кемсітушілікті қолдап, осы өрескелдіктерге қатысты екіұдай қатынас көрсетеді.

Нәсілшілдер адам нәсілдерінің бір - бірінен айырмашылығы бар және ақтармен салыстырғанда түрі мен түсі басқаша ұлттардың қабілеті азырақ деген пікірде. Гитлердің фашистік ойында да арий нәсілі ең үздік нәсіл деп саналатын және осы нәсілге өз пікірінше асқақ қоғам құру үшін төмен немесе аралас нәсілдерді құртуға жол берілетін. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашизм идеясының жеңілумен нәсілшілдер нәсілге бөлуді өз әрекеттерінің басты бағдары етті. Нәсілге бөлу бойынша төмен санайтын нәсілдерді қырып - жою орнына аралас нәсілдер қалыптасуы мүмкін болмасын деген ой мен нәсілдерді бір - бірінен бөлуге шешім қабылданды. Оңтүстік Африкадағы апартаид жүйесінде екі қоғам қалыптасты, бірі ақтар үшін дамыған және ауқатты, ал өзге бірі қара нәсілділер үшін кедей және мехнат шеккен қоғам болды. Бұл елде қаралар мен ақтар үшін бөлек көшелер, мектептер, ауруханалар және шіркеулер салынып, қара нәсілділердің еңбегімен табылған байлық ақтардың қоржынына ағылды. Басқаша айтқанда Африканың оңтүстігін нағыз әділетсіздікке негізделген жүйе қалыптасып, Батыстың толық қолдауына ие болды. Батыстың адамзат құқығына қатысты ісіндегі қара дақтардың бірі - Оңтүстік Африкадағы апартаид жүйесіне қолдау көрсетуі болды. Бұл жүйе ұзақ жылдар бойы адамзат құқығын қорғаушысымақ елдердің саяси, экономикалық және әскери демеушілігін пайдаланып, осы көмектердің арқасында миллиондаған қара нәсілдіні жәбірлеп, отарлады. Сол жылдары еуропалық және америкалық елдердің экономикалық мүддесі Оңтүстік Африкада апартаидты қабылдамаған қозғалыс нәтижеге жетуіне жол бермейтін. Ақыр - түбінде Нельсон Манделла секілді тұлғалардың қажымас еңбегі арқасында әділетсіз және кемсітуші осы жүйенің діңгектері құлап, Африкадағы қара нәсілді халықтың тұрмысында жаңа ғасыр басталды [3].

Қазір Оңтүстік Африкада апартаид жүйесі құлағанына көп жылдар өтсе де, бірақ әлемнің өзге аймақтарында, атап айтқанда Америкада нәсілге бөлудің жақтастары азайған жоқ. Бүгінгі Америка - ақ және қаралар Америкасы. Тегі еуропалық ақтар Америкадағы саяси және экономикалық мүмкіндіктердің негізгі бөлігін өзіне арнап алған, алайда бұрынғы құлдардың ұрпақтары Америкада құл иеленушілік жүйесінің күші жойылғанына 150 жыл өтсе де, әлі де кемсітушілік пен экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктермен күресіп жатыр [4]. Статистикалық мәліметтер Америкадағы қаралар арасындағы жұмыссыздықтың ақтардан екі есе дерлік көбірек екенін көрсетеді. Бір қара нәсілді жұмысшы сол жұмысты істейтін ақ нәсілдінің еңбекақысының 70 пайызын алады. Қаралар сондай - ақ бөлек аймақтарда және ақтар тұратын жерлерден алыстау жерде тұрады, олар жоғары білім мен жабдықталған ауруханалардың қызметін азырақ пайдаланады. Осы экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан қара нәсілді жастар қылмыс, кісі өлтіру, түрме және есірткі заттарға көбірек ұрынуына себеп болып отыр. Көптеген америкалық қоғамтанушылар осы елдегі нәсілге бөлу және нәсілдік кемсітушілік ақтардың дәстүрлі нәсілшілдігінің жаңа түрі болып табылады деп ойлайды. Мұндай кемсітушілік мұсылмандарды және Испан текті эмигранттарды да қамтиды.



ЛИТЕРАТУРА

  1. А. Цветков: «Борьба с расизмом и ксенофобией. Расизм: где начало и когда будет конец?» / Спектр Развития №1, 2002.

  2. Н.Г. Скворцов: «Этничность, раса, способ производства: неомарксистская перспектива» / Журнал социологии и социальной антропологии т. 1, вып. 1, 1998.

  3. В. Тишков: «Суды для экстремистов и амнистия для мигрантов».

  4. С.А. Токарев «Биологические течения в этнографии. Расизм».



Кусаинова М.К. - студент кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова

Капышев А.К. - к.и.н., зав. кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова

Аленова К.К. - преподаватель кафедры

международных отношений, истории и социальной работы

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова
ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ МОЙЫНДАЛМАҒАН

МЕМЛЕКЕТТЕР ФЕНОМЕНІ
Соңғы жылдары посткеңестік кеңістіктегі мойындалмаған мемлекеттер феномені саясаттанушылардың, дипломаттардың, сарапшылардың, ғалымдардың, журналисттердің назарын көбірек аудартады. Кеңес Одағының құлдырауына қарамастан, этносаралық қақтығыстармен күшейтілген территориалық даулар көптеген аймақтарда әлі де толығымен шешілмеген. Полиэтникалық мемлекеттердің құрамындағы халықтардың өз тағдырын өзі шешу және ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыру ұмтылысын ұлттық мемлекеттердің пайда болу сәттен бастап байқауға болады. Осындай үрдістер бүгінгі күні сирек емес кездеседі.

«Мойындалмаған мемлекеттер» термині қазіргі саяси - құқықтық дискурсқа берік еніп, мойындалмаған мемлекеттер феноменінің өзі саяси картадағы үйреншікті құбылысқа айналды.

Формальды - құқықтық көзқарас жағынан әлемдік қауымдастық үшін мойындалмаған құрылымдар жоқ. Бірақ бұл мемлекеттердің «виртуалды» сипаты посткеңестік кеңістіктегі «Үлкен ойынның» нақты қатысушылары ретінде болуға кедергі жасамайды. Мойындалған және мойындалмаған мемлекеттер арасындағы дау ерекше мемлекетаралық дау болып табылады. Осындай феноменінің пайда болуының өзі, сол сияқты мойындау үшін күрестің басталуы – эмоционалды - символикалық және әлеуметтік - мәдени мәнінің факті. Осындай сәттерге назар аударылмаса, этносаралық дауларды нәтижелі шешу мүмкін бола алмайды [1].

Ең бастысы, «мойындалмаған мемлекеттер» ұғымын анықтаудан бастайық. «Мойындалмаған мемлекет» терминінің астында мемлекеттердің әлемдік қауымдастықпен мойындалмауы жата ма? Бірақ бүгінгі күні әлемдік қауымдастықтың өзі саяси - құқықтық дағдарысқа ұшырылды. Мойындалған және мойындалмаған мемлекеттерді әлемдік қауымдастыққа жатқызуға болады. Ялта - потсдам жүйесі құлдырағаннан кейін, постмодерн дәуірінде жаңа әлемдік тәртіптің пішіндері толығымен айқындалмаған. Бұл жеке мемлекет ретінде мойындалудың критерийлерінің әлі күнге дейін анықталмағанын білдіреді. Бұл терминге анықтама беру үшін негіз ретінде нені алуға болады деген сұрақ туындайды. Ведомстволық бағынысты территорияның бірыңғай егеменділігін аламыз ба? Бұл жағдайда Грузия немесе Әзірбайжанды мемлекет ретінде мойындау керек емес еді, себебі бұл құрылымдардың біреуі де ресми мойындалуы кезінде өз мемлекетінің барлық территориясына бірыңғай егеменділікті жүзеге асырмады.

Әдебиетте мойындалмаған мемлекет терминінің синонимі ретінде «альтернативті бұғаттаушы егеменділігі бар территория» термині қолданылады. Бұл терминге синоним ретінде «өздігінен жарияланған мемлекет» ұғымы қолданылады, бірақ кейбір ғалымдар мен сарапшылардың айтуы бойынша (М. Колеров, С. Маркедонов, А. Цуциев, т.б.), бұл термин олардың болмысын нақты айқындамайды:

«Саяси және публицистикалық әдебиеттерде бұл құрылымдарды өздігінен жарияланған мемлекеттер деп атайды. Бірақ ресейлік сарапшы М. Колеровтың пікірі бойынша, бұл анықтама толығымен дұрыс деп саналмайды, себебі әлемнің ірі мемлекеттері өз егемендіктерін өздері жариялады» [2].

Бұл көзқарас жағынан «өздігінен жарияланған мемлекеттер» термині мойындалмаған мемлекеттер феноменінің бір жағын ғана, атап айтқанда «ішкі легитимация» тәртібін, минималды мемлекеттер тобынан қолдау көрмейтін халықтың немесе ұлттың саяси еркін айқындайды. Сонымен бірге «мемлекеттердің мойындалмауы саяси картадан немесе халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдар алдындағы мәселелерден бұл құрылымдарды жоймайды. Керісінше, бұл құрылымдар саясаттың барлық кезеңдеріндегі – жергілікті, ұлттық, аймақтық, әлемдік – басты мәселесі болып табылады» [3].

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, жаңа мемлекеттердің пайда болу үрдісі БҰҰ резолюцияларымен дәлелденген барлық мүдделі жақтардың сәйкес шешімдерімен қоса жүргізілді (мысалы, деколонизация үрдісі кезінде), немесе әлем мемлекеттері жағынан қолдау мүлде көрсетілмеді (Солтүстік Кипр, Таулы Карабах жағдайында). Бірақ ХХІ ғасырдың басында Косово мемлекетінің батыс мемлекеттерімен мойындалу факті және Гаага сотының сәйкес шешімі бөлінген территория «ерекше жағдай» статусын ала алатын прецендент қалыптастырды.

Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы бар болғанда, ұлттар және халықтардың көп болуын ескере отырып, территориялардың бөліну процессі жалғаса береді. Бұл жағдайда өзгеріліп жатқан әлемдік саяси жүйе сол немесе өзге де аймақтарда сецессия үрдісін ұстап тұра алмайды. Сондықтан да мемлекеттердің және халықтардың ерекше маңызды мүдделерін қозғайтын қақтығыстардың көз жетерлік болашақта тоқталуы екіталай [4].

Қазіргі халықаралық құқықтың қайшылықтарының біріне ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы және территориалық тұтастық принципі бір біріне қарама қайшы болып келетінін жатқызуға болады [5]. Бұл жағдайдың ерекше қаупін қақтығыстардың интернационализациялануынан байқауға болады, яғни бұл қақтығыстардың қатысушылары басқа да мемлекеттер болып табылады. Нәтижесінде, осындай жағдай мемлекеттер арасындағы байланыстар мен қатынастарды күмәндатады және халықаралық қауіпсіздік пен әлемдік жүйені тұрақсыздандырады.

Мойындалмаған мемлекеттік құрылымдар және олардың әлемдегі саяси үрдіске әсері халықаралық қауіпсіздік жүйесі дамуының басты бағыты болып табылады. Бұл, ең алдымен, ХХ ғасырың соңғы жылдарында пайда болған мойындалмаған мемлекеттердің тарихтың қазіргі кезеңінің әсерлі акторларының мүддерлерінде болуымен байланысты. Қазіргі мойындалмаған мемлекеттердің көпшілігі субнационалды болып табылады, яғни олар метрополия мемлекеттерден бөлініп шықты. Олардың кейбіреулері басқа мемлекеттердің саяси, экономикалық, әскери және дипломатиялық қолдауын пайдаланады.

Жаңа мемлекеттердің пайда болу үрдісі әлемдегі саяси реформациялармен және халықаралық қатынастардың дамуымен байланысты. Халықаралық құқықта жаңа мемлекеттердің пайда болуын қадағалайтын нормалар әлі де қалыптаспаған. Бұл фактті ескере отырып, халықаралық құқық зерттеушілері жаңа мемлекет белгілі критерийлерге сәйкес келуі керек деп санайды. Мысалы, Г. Лаутерпахттың айтуы бойынша, саяси құрылымды мемлекет ретінде мойындау оның халықаралық құқықтың мемлекеттілік талаптарына сәйкес болуын білдіреді. Ол келесі критерийлерді мысалға келтіреді:



  • тәуелсіз үкімет;

  • биліктің эффективтілігі;

  • белгілі территорияның болуы.

Екінші дәрежелі критерийлерге ол жаңа мемлекеттің өркениеттену деңгейін, оның пайда болуының заңдылығын, дінін және саяси жүйесін жатқызды.

Жаңа мемлекетті мойындау туралы шешім қабылданғаннан кейін, мойындаудың формасын анықтау қажет. Мемлекет мойындауының келесі түрлерін ажыратуға болады:



    • де - юре;

    • де - факто;

    • ad hoc.

Де - юре мойындаудың толық және түпкіліктітүрі болып табылады. Бұл мойындаудың түрі ресми акт түрінде жазылады және дипломатиялық немесе басқа да қатынастардың орнатылуына әкеледі. Бұл жағдайда мемлекеттер көпжақты халықаралық келісімдер, конвенция, халықаралық ұйымдар немесе конференциялардың қатысушыы бола алады. Дипломатиялық қатынастардың орнатылуы де - юре мойындауының айқын мысалы бола алады.

Де - факто мойындауы, кейбір халықаралық қатынастар сарапшыларының пікірлерінше, сирек кездеседі. Ол мойындаудың шектелген түрі болып табылады, ал кейбір жағдайларда уақытша сипат алады. Де - факто мойындауы консулдық қатынастардың орнатылуына әкелуі мүмкін, бірақ ол ресми емес болып табылады.

Аd hoc мойындаудың ресми емес үшінші формасы болып табылады және тек қана бір жағдайға байланысты уақытша мойындауды білдіреді. Мысал ретінде белгілі бір іс шараларда немесе белгілі сұрақ бойынша мемлекеттердің уақытша қатынас орнатылуын алуға болады [6].

Сонымен, мойындалмаған мемлекеттердің үш маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады:



    • басқа мемлекет өзінің территориясы деп санайтын территорияда мемлекет құру;

    • метрополия мемлекет пен бөлініп шыққан мемлекет арасындағы қақтығыстардың болуы;

    • метрополия мемлекетінің жаңа құрылымды мойындамау факті.

Жаңа мемлекеттердің пайда болуының мақсаттарына халықтың, этностың немесе ұлттың өзінің саяси өмірін өздері шешуге деген ынтасын, сонымен қатар метрополия мемлекеттен территориялық тәуелсіздікте болуына ұмтылысын жатқызуға болады. Сондай - ақ, мойындалмаған мемлекеттер арнайы органдары бар халықаралық қатынастардың потенциалды субъектілері болуы керек. Мойындалмаған мемлекеттерге, ең алдымен, метрополия мемлекетпен және халықаралық деңгейде мойындалмаған және жоғарыда аталған критерилерге сәйкес келетін мемлекеттік құрылымдарды жатқызуға болады.

Қорыта айтқанда, мойндалмаған мемлекеттерді формальды - құқықтық негіздерге байланысты басқа мемлекеттің территориясында тәуелсіз саяси биліктің ұйымы деп анықтауға болады. Сонымен бірге бұл анықтама мойындалмаған мемлекет пен метрополия мемлекет арасында ішкі саяси қақтығыстың болуын көздейді, яғни бұл қақтығыс салдарынан метрополия мемлекет және әлемнің басқа да мемлекеттері жаңадан пайда болған мемлекеттің тәуелсіздігін мойындамайды.


ЛИТЕРАТУРА

  1. Маркедонов С. СНГ - 2. Феномен непризнанных государств на постсоветском пространстве // Гуманитарная мысль Юга России. 2005. №1.

  2. Колеров М.А. Непризнанная жизнь // Апология. Новый гуманитарный журнал. - 2006. - №5. - с. 48.

  3. Цуциев А.А. Территории проблемного суверенитета // «Непризнанные государства». Научные тетради Института Восточной Европпы. 2006. Вып.1.

  4. Pavkovic A., Radan P. In Pursuit of Sovereignty and Self - Determination: People, States and Secession in International Order // Macquarie University Law Journal. 2003. №1. Интернет - портал: http://www.austlii.edu.au au journals MqLJ 2003 1.html.

  5. Вельяминов Г.М. Признание «непризнанных» и международное право // Россия в глобальной политике. 2007. №1.

  6. Фельдман Д.И. Признание государств в современном международном праве. - Казань, Издательство Казанского университета, 1965. - 117 с.



Мырзабек М.С., Крылова А.В. - студентки кафедры

«Международные отношения, история и социальная работа»

Кокшетауского университета им. Абая Мырзахметова

научный руководитель: Мухамадеев Т.М. - д.и.н., профессор
МИР В СИРИИ: РЕАЛЬНОСТЬ ИЛИ ИЛЛЮЗИЯ?
Подавление, принуждение, тирания, угнетение, несправедливость и монополизация власти и богатства в арабском мире в течение многих десятилетий привели людей к митингам и мирным демонстрациям в конце 2010 года, в основе которых в большинстве арабских стран были светские течения либерализма (Тунис, Египет, Бахрейн, Йемен, Сирия, Иордания, Алжир, Марокко, Саудовская Аравия). Люди требовали политических и социальных реформ. Но когда мирные выступления не получили результатов, началось вооруженные восстания, которые свергли режимы в Ливии, Йемене и Сирии [1].

В Сирии с марта 2011 года начался конфликт между властью и вооруженной оппозицией, в которую входят террористические группы, очерняющие образ этой оппозиции и не дающей достичь своих целей, в частности демократии. Это дало много вопросов о роли региональных государств и крупных держав для борьбы с терроризмом. Потому что после пяти лет кризиса, который унес жизни множества людей, появились миллионы вынужденных переселенцев, живущих в соседних и других странах мира [2].

Сирийский конфликт представляет собой очень сложную для понимания и, тем более, для изучения систему, поскольку включает в себя не два и даже не три, а множество участников, преследующих различные цели, кроме того является своего рода игрой третьих стран, ведь дипломатия и политика, как мы знаем, во все времена использовалась для достижения личных интересов.

На данном этапе благодаря тому военному содействию России Сирия сохранила свою целостность и государственность во главе с пророссийски настроенным правительством Башара Асада. Так что же такое зыбкий мир на территории Сирии? Это сродни хрупкому равновесию на лезвии ножа. В Сирии сошлись векторы как геополитических, так и экономических интересов мировых коалиций и многовековой клубок религиозных проблем исламского мира. Рассмотрим вопрос подробнее.

Сирия для России. Во - первых, военные базы, с помощью которых можно контролировать весь средиземноморский бассейн, то есть юг Европы, север Африки и Аравийский полуостров Азии. Во - вторых, Россия стремится не допустить проникновение дешевой арабской нефти и газа через территорию Сирии и Турции в Европу, чтобы удержать рынок сбыта в Европе. И, в - третьих, Российская Федерация противостоит дальнейшему усилению экстремистских и террористических исламистских группировок, так как в Российской Федерации более трети населения составляют мусульмане, на которых в дальнейшем возможно влияние исламского фундаментализма.

На сегодняшний день Соединенные Штаты Америки проиграли Российской Федерации тактическую и стратегическую сторону вопроса, так как не ожидали от России принятия кардинальных мер. В самих Соединенных Штатах произошли разногласия политических и экономических сил. Политически Соединенные Штаты хотели бы доминировать в регионе, но прохождение нефти и газопроводов в Европу усилили бы экономическое положение ближневосточных партнеров, что на данном этапе экономически не выгодно для США, так как благодаря всевозможным революциям и региональным конфликтам США удерживает позицию доллара в мировой экономике [3].

Арабский мир. Коалиция арабских государств: Саудовская Аравия, ОАЭ, Катар, Кувейт хотели бы видеть Сирию суннитским государством. Ливан, а также, в последнее время усиливший свои позиции в геополитике, Иран тайно поддерживает шиитское меньшинство в Сирии.

Постфактумом вылилась вся правда об участии в данном конфликте Турции, как в пословице «кому война, кому мать родна». Ряд лиц в турецком правительстве за счет скупки дешевой и незаконно добытой нефти у террористов немало заработало на этом. Вторым источником дохода послужила продажа оружия террористам и обучение террористов на военных базах Турции. А также пополнение рядов террористических группировок, так как на территорию Турции можно легко попасть с любого государства мира. В дальнейшем же Турция рассчитывала, после того как террористы создадут Исламский халифат, прибрать его к своим рукам и воссоздать новую Османскую империю [4].

В свете того, что происходит сегодня в мире, и особенно в Европе, в Ираке, в Сирии, в Ливане и в Йемене, террористические акты, ведут к совершению самых ужасных преступлений против человечества. И поэтому нельзя игнорировать основные причины, которые мешают международному сообществу в борьбе с терроризмом: в первую очередь - интересы крупных держав и борьба за контроль над богатыми ресурсами региона, не говоря уже о некоторых развивающихся странах на Ближнем Востоке, ведущих собственную стратегию в регионе, целью которой является получить региональное влияние. Таким образом, мы можем сказать, что для борьбы с терроризмом нужно принять комплексные решительные и эффективные меры, как это произошло в Афганистане, или использовать международное право через Организацию Объединенных Наций в целях обеспечения безопасности человека, как это было в Ливии.

Нисколько не оспаривая острую необходимость в усилиях по борьбе с терроризмом, нужно отметить следующее. Действия в этой области будут действительно эффективными в том случае, если будут опираться на международное право. Если говорить о антиигиловской коалиции, то решение об ее создании должно приниматься в СБ ООН. В этом случае на ее действия будет санкция от «международного сообщества» - ведь мандат коалиции будет разработан (после коллективного обсуждения) так, чтобы организовать эффективное противодействие джихадистам.

Подчинять борьбу с терроризмом геополитическим устремлениям неверно, аморально и контрпродуктивно. Это приведет лишь к разрастанию хаоса и беспорядка, созданию новых угроз для региона. Борьба с терроризмом должна быть выстроена на основе общей стратегии, тем более что для этого есть все механизмы, прежде всего, наработанных под эгидой ООН. Когда практические шаги по решению антитеррористических задач выносятся за рамки Организации Объединенных Наций, то это невольно наводит на мысль, что они изначально замышляются вне рамок международного права и преследуют дополнительные цели кроме тех, что официально заявлены.

Еще один немаловажный момент. По оценкам большинства экспертов, точечные удары по позициям ИГИЛ не приведут к уничтожению этой мощной группировки - хорошо вооруженной армии фанатиков и профессиональных военных из числа бывших офицеров иракской армии, получающей ежедневно около миллиона долларов нефтяного «дохода». Для искоренения или хотя бы подрыва потенциала джихадистов нужна комплексная стратегия, основы которой прописаны в коллективных решениях по терроризму [5].

Вот таков хрупкий мир в Сирии, на фоне разрушившихся городов, инфраструктур и миграционной катастрофы, так что на сегодняшний день больше вопросов, чем ответов. И, на наш взгляд, этот гордиев узел могут разрубить только сами сирийцы, сев за стол переговоров и придя к общему компромиссу с целью сохранения целостности территории, экономической и политической независимости.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет