Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет19/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мезгіл үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл үстеулері қимыл, амалдың қашан, қай кезде жасалғанын, демек, оның уақытын және мерзімін білдіреді. Мыс.:



Тойға барсаң бұрын бар, Бұрын барсаң орын бар.(Мақал) Бұйымтайым мұным да, ә з і р ш е айтар сізге сол. (Жамбыл) Өткір, турашыл Жанәбіл ә р д а й ы м ұнайды Ардаққа; ә п-с ә т т е өзгереді екен, бүрынгы, именшек Жәмила бүгін батыл (Мұстафин) дегендегі бұрын сөздерінен алдын ала я ертерек деген сияқты мағынаны аңғарсақ, әзірше сөзінең қысқа мерзім мағынасын, әрдай-ым сөзінен ұзақ мерзім, ұдайы, өне бойы сияқты мағыналарды, ал, әп-сәтте сөзінен соншалық тез, жылдам арада өтетін мерзім мәнін ұғынамыз. Демек, мезгіл үстеулері тілімізде қимылдың әр алуан мерзімдік белгісін білдіру үшін қолданылады екен.

Мезгіл үстеулері қатарына жататын сөздер әр алуан. Морфоло-гиялық құрылысы және жасалу жүйесі жағынан олар негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулер қатарына әуелі, әмсе, әзір, әлі, бағана, былтыр, бұрын, дәйім, ерте, жаңа, енді, кеш, кеше, қазір, мана, ұдайы, ылғи т. б. сияқты сөздер жатады.

Туынды түбірлер қатарына жататын сөздер жасалу жүйесі жағынан екі түрлі: морфологиялық (синтетикалық) тәсіл және синтаксистік (аналитикалык;) тәсілмен жасалған сөздер.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған мезгіл үстеулері

211


негізгі түбірлер мен кейбір туынды түбір сөздерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар қосу арқылы пайда болған.

1. Мезгіл мәнді сөздерге -ша\\-ше қосымшасын қосып айту ар-қылы әзірше, бүгінше, биылша, қазірше, уақытша т. б. сияқты мезгіл үстеулері жасалған.

2. Әр қилы зат есім түбір сөздерге -д а й\\-д е й, -т а й\\-т е й қосымшаларын қосу арқылы жаздай, жастай, күздей, қыстай т. б. мезгіл үстеулері жасалған.

3. Бұлардан өзге мезгіл үстеулерінің қатарында әртүрлі септік жалғауларының консервациялануы арқылы жасалған көптеген туын-ды сөздер де кездеседі.

а) көне түркі және қазіргі қазақ тілінде қолданылатын барыс септік жалғауының консервациялануымен соңыра, кешке, әзірге, кү-ніге20 сияқты формада жасалған.

ә) жатыс септік жалғауының консервациялануы арқылы анада, ақырында, әуелде, әшейінде, әлгінде, әлгіде, әдепкіде, баяғыда, баста, басында, бертінде, ертеректе, ертеде, жақында, заматта, кейде, күнде, сонда, ілезде, ілуде сияқты формада жасалған.

б) шығыс септік жалғауының консервациялануы арқылы әуелден, әлден, әзелден, баяғыдан, бұрыннан, басынан, бастан, ежелден, салғаннан т. б. сияқты формада жасалған.

в) көне -і н және қазіргі қазақ тіліндегі -м е н көмектес сеп-тік жалғауының консервациялануы арқылы бертін, кешкісін, қысын, алдымен, ертеңмен, күнімен т. б. сияқты формада жасалған.

Синтаксистік тәсіл арқылы туынды мезгіл үстеулері е к і түрлі жолмен жасалған.

1. Жеке сөздердің өз ара бірігіп, белгілі бір лексикалық тұлғаға (единица) айналуы арқылы жасалады: ондай сөздер алдынгүні, әр-дайым, әнеугүні, бүрсігүні, бүгін, биыл, жаздыгүні, жазғытұрым, жазғытұры, кешкірім, кешқұрым, қыстыгүні, таңертең т. б. сияқты тұлғалық жағынан ішгей біріккен және кіріккен сөздер болып келе береді.

2. Жеке сөздердің өз ара қосарланып айтылуы арқылы жасалады. Ондай сөздер тұлғалық құрылысы жағынан әр түрлі:

а) жеке сөздер не қайталанып, не өзге сөздермен қосарланып ай-тылады: ауық-ауық, әлсін-әлсін, бүгін-ертең, дамыл-дамыл, енді-енді, оқтын-оқтын т. б., немесе қосарланған сөздердің алдыңғы компонентіне -б а\\-б е, -ма\\-ме элементтері қосылып жасалады: жылма-жыл, күнбе-күн, айма-ай т. б.

ә) қосарланған сөздердің екі компоненті бірдей жатыс жалғау-ында тұрады: анда-санда, оқта-текте, ара-кідікте, апақ-сапақта, әп-сәтте, кей-кейде т. б.

б) қосарланған сөздердің екі компоненті де тәуелдік жалғаулы немесе екінші сыңары ғана тәуелдік жалғауда болады: жазы-қысы, күні-түні, қысы-жазы, күндіз-түні т. б.

в) қосарланған сөздердің екі компоненті де -л ы\\-л і, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і қосымшасьш қабылдаған немесе алғы я соңғы компоненті ғана қосымшалы болып, кешелі-бүгінді, ертеңді-кеш, ертелі-кеш, бұ-рын-соңды түрінде кездеседі.

20 Проф. Қ. Жұбанов күніге сөзі қазақ тілінің өзіндік заңдылығына сай күніне формасында қолданылу керек еді, күніге деп айту Шағатай группасынан бір кездерде қазақ тіліне ауысып келген немесе қазақтар құрамына сіңісіп кеткен шағатайлық тайпалармен бірге келген болу керек дейді. (X. Жұбанов. Исследования по казахскому языку. Вып., I. Из истории порядка слов в казахском предложении. Алма-Ата, 1936, стр. 10).

212


г) қосарланған сөздердің екі компоненті бірдей көсемшенің -а||-е жұрнағын қабылдаған ара-тұра, іле-шала сияқты немесе өле-өлгенше сияқты формада да кездесе береді.

Мезгіл үстеулері сөз байланыстырушы қосымшаларды, яғни жіктік, тәуелдік, көптік және септік жалғауларын қабылдамайды. Егер негізгі үстеулер әредік септік жалғауларын (соның ішінде ба-рыс, жатыс, шығыс жалғауларын) қабылдайтын болса, ол жалғаулар кешке, әуелде, бұрыннан деген сияқты консервацияланған болып отырады.

Мезгіл үстеулеріне сөз тудырушы қосымшалар да өте сирек жал-ғанады. Ондай мезгіл үстеулерінен жаңа сөз тудыратын қосымшалар жоқтың қасы деп айтуға болады. Олар мезгіл мәнді сөздер мен негізгі мезгіл үстеулеріне қосылып туынды мезгіл үстеуін тудыратын -ш а\\-ш е (қазірше, уақытша) жұрнағы мен туынды сын есімдер жасайтын -қ ы\\-ғ ы, -к і\\-г і (жаңағы, кешкі, биылғы, анда-сандағы) жұрнағы ғана. Ал, әмсе, дәйім, ұдайы, ылғи сияқты мезгіл үстеулері мүлдө өзгеріске түспейді, сол сияқты ауық-ауық, әлсін-әлсін, енді-енді, күні-түні, қысы-жазы сияқты сөздер де өзгермейді.

Мекен үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі, мекен үстеулері қимыл процесінің, амал-дың бет алыс бағыты және орнын, мекенін білдіреді. Тек іс-әрекет, қимылдың белгісін білдіретін болғандықтан, мекен үстеуінің құра-мындағы сөздердің бәрі де тек етістіктердің мекендік белгісін білдіретін сөздер болып келеді. Мыс.:

Екі шелектің бірі т ө м е н түседі, екіншісі көмір алып ж о ғ а р ы шығады. (Мұстафин) Делбеші бала аттың басын к е р і бұрды. (Иманжанов) Сынаушы сонда табылар Мұнда жатқан елден де (Абай) деген сөйлемдердегі төмен, жоғары және кері сөздерінен белгілі бір бет алыс бағытты аңғаратын болсақ, мұнда сөзінен мекен, орын мағынасын көреміз. Демек, мекен үстеулері тілімізде қимыл процесінің бет алыс бағытын және орнын, жайын, мекенін білдіру үшін қолданылады екен.

Мекен үстеулері морфологиялық құрылысы жағынан біркелкі емес. Олар — түгелдей туынды сөздер, сол себепті мекен үстеулерінің ішінде негізгі түбір қатарына жататын бір де бір сөз кездеспейді.

Мекен үстеулері әр алуан түпкі түбір түлғаларға кейбір септік жалғауларының қосылып айтылуы және сондай қосымшалы сөздер-дің қосарланып айтылуы арқылы сөз тудырудың морфологиялық және синтаксистік жолдары арқылы жасалған.

Мекен үстеулерінің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы, негізінде, әр түрлі түпкі түбір тұлғаларға септік жалғауларының қосылып айтылуы және олардың жалғанған сөздерінен бөліп алып жалғау есебінде қарайтындай дәрежеден ауысқан (консервация-ланған) түрінде жасалған.

а) көптеген мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға -қ а р ы\\-ғ а-ры, -к е р і\\-г е р і көне барыс септік жалғауларының және олардың -р ы\\-р і сияқты ықшамдалған түрлерінің қосылып айтылуы арқылы әрі, бері, жоғары, кері, сыртқары, тысқары, ішкері, ілгері сияқты түрде жасалған:

ә) кейбір мекен үстеулері біраз түпкі түбір тұлғалар мен сілтеу есімдіктеріне жатыс септік жалғауын қосып айту арқылы алда, әр-тінде, мұнда, осында, сонда сияқты түрде жасалған.

213

б) біраз мекен үстеулері түпкі түбір тұлғаларға -м а н\\-м е н қо-сымшаларын (бұл көнө барыс септік болуы мүмкін) қосып айту арқылы арман, әрмен, бермен, төмен сияқты түрде және кейін формасында қалыптасқан.



Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған мекен үстеулері көп емес, олар жатыс, шығыс септік формасындағы сөздердің қосарланып айтылуы арқылы жасалған анда-мұнда, одан-бұдан, онда-мұнда сияқты формаларда ғана кездеседі. Мыс.:

Үй іші күндіз о н д а-м ұ н д а кетіп, бастары кешке бір-ақ қо-сылады. (Шашкин) О д а н-б ұ д ан фургон арба тауып, ауруларды соған жатқызды. (Қаратаев) Аяғым а н д а-м ы н д а бір тиіп, дөң-гелеп ұшып келем. (Соқпақбаев)

Мекен үстеулерінің морфологиялық әр түрлі сөз байланыстыру-шы және сөз тудырушы қосымшаларды да қабылдау жүйесі біркелкі болып келмейді. Егер мекен үстеулері түгелдей көптелмейтін, жіктелмейтін және тәуелденбейтін сөздер болса, олардың кейбіріне септік жалғаулары жалғанып айтылатын реттері де кездеседі. Мысалы, көне барыс септік тұлғалы мекен үстеулері әріде, әріден, беріде, беріден, жоғарыға, жоғарыдан, ілгеріде, ілгеріден, кейіннен, төменде сияқты болып шыгыс септік жалғауларын қабылдайды.

Сөз тудырушы морфологиялык; қосымшалардың ішінде мекен үстеулеріне жалғанатындары тек -рақ\\-рек жұрнақтары ғана. Оның өзіндө де жалпылама, кез келген мекен үстеулеріне қосыла бер-мейді. -рақ\\-рек жұрнағы көне барыс септік жалғаулы мекен үс-теулеріне әрірек, берірек, жоғарырақ, ілгерірек, арманырақ, бермені-рек, төменірек, кейінірек түрінде жалғанады.

Мөлшер үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулері іс-әрекет, қимылдың шамалың дәрежесі мен санның жалпы мөлшерлік белгісін білдіреді. Сол себепті олар етістік сөздердің әр алуан қимылдық белгілерінің шамасын көрсететін сөздермен қатар сын есімдердің де мөлшерлік дәрежесін білдіретін сөздерден құралады. Мыс.:

Бір жас жігіт күтіп алып бұрыштан, Бұған сонша қарап еді жып-жылы. (Ерғалиев) Үй қызметін істеуге бір адам ылайық деп Ақыш осыншама айтып еді (Майлин) дегендегі сонша, осыншама сөздері қарап еді, айтып еді етістіктеріне тікелей қатыстьі айтылып, қимылдың мөлшер шамалық белгісін білдіріп тұрса, Ерте кезде қаз, үйрек тау көлінде мұнша көп болмайтын. (Оразалин) Есембай да, тіпті, ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық боп көріне алмады (Әуезов) дегендегі мұнша, сондайлық сөздері көп, жат, суық сияқты сын есімдерге қатысты айтылып, сындық белгілердің мөлшер дәрежесін, демек, сындық белгінің белгісін білдіріп тұр.

Морфологиялық құрылысы жағынан алғанда, мөлшер үстеулері-нің құрамында ешбір негізгі түбір түрінде қолданылатын сөздерді кездестіре алмаймыз. Мөлшер үстеулеріне жататын сөздер — түгелімен сөз жасаудағы морфологиялық және синтаксистік жолдар арқылы әр түрлі сөз таптарьгаа тән сөздерден пайда болған туынды сөздер. Олардың жасалу жолдары мынадай болып келеді.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған мөлшер үстеулері, негізінде, бұл, ол, осы, сол сілтеу есімдіктеріне: а) -ша|-ше жұрнақтарын қосу арқылы мұнша, онша, осынша, сонша түрінде;

ә) -ш а м а жұрнағын қосып айту арқылы мұншама, оншама, осыншама, соншама түрінде; б) -ш а л ы қ жұрнағын қосып айту ар-қылы мұншалық, оншалық, осыншалық, соншалық сияқты түрде

214

және; в) -д а й л ы қ жұрнағын қосу арқылы мұндайлық, ондайлық, осындайлық, сондайлық түрінде қалыптасқан. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған мұндай мөлшер үстеулері, негізінде, сынның теңдік немесе кемдік дәрежесін білдіреді.



Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған мөлшер үстеулері біріккен сөздер және қос сөздер түрінде кездеседі.

а) біріккен сөздер күйінде кездесетін мөлшер үстеулері, негізінде, бір және ана, сол, не сияқты есімдіктерге әр түрлі сөздердің бірігіп айтылуы арқылы жасалады: анағұрлым, бірталай, бірсыпыра, бірқа-тар, біраз, бірқыдыру, недәуір, неғүрлым, соғұрлым т. б.

ә) қосарланып қолданылу арқылы пайда болған мөлшер үстеуле-рінің екі жақ компоненттері де -л ы\\-л і не -ан\\-ен жұрнақты бо-лып келеді: бірен-саран, азды-көпті, бірлі-жарымды т. б.

Мөлшер үстеулері, — жалпы алғанда, морфологиялық сөз байла-ныстыратын грамматикалық формаларды қабылдамайтын, демек, өзгеріске енбейтін сөздер. Бірақ ішінара мұншаға, осыншадан, бірсыпыраға, біраздан сияқты болып, субстантивтенген кезде ғана барыс, шығыс септік жалғауларын қабылдайды.

Мөлшер үстеулерінен сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасал-ған жаңа сөздер өзге сез таптарына ауысып кетпей, мөлшер үстеуле-рінің туынды түбір тобында қалып отырады. Мыс.: оншама, осыншалық, сондайлық. Мөлшер үстеулерінен синтаксистік тәсіл арқылы жаңа сөздер жасалмайды.

Бейне үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі бейне үстеулері іс-әрекеттің амал, қимыл-дың қалай жасалу тәсілін, оның бейнесін білдіреді. Сол себепті олар үнемі етістік сөздерге және қимылдың қалай істелу жолын, әрекет керінісін бейнелеп отырады. Мыс.:

Мейрамның жүрегі қобалжып, буындары босаңсып, аяғы кейін тартып сатыны басуға ә з е р үлгерді. (Мұстафин) Володя д е р е у ёлканы бұрышқа сырып тастады; Дауыс шу дегенде оқыс қатты шығып кетті де, артынша т е з саябырлай қойды (Иманжанов) де-генде әзер сөзі қимылдың қиындық белгісін білдірсе, дереу, тез сөздері оның жылдамдық тәсілін, ал оқыс сөзі қимылдың күтпеген жерден кенет жасалу жолын білдіріп тұр. Демек, бейне үстеулері арқылы үнемі қимылдың әр түрлі жасалу тәсілдері мен бейнелік белгілері беріліп, істелу жолдары, әрекет көріністері анықталып отырылады.

Бейне үстеулері — үстеулердің басқа топтарына қарағанда сөз саны жағынан өте бай топ, Сол себептен де бейне үстеулері морфологиялық құрамы жағынан негізгі, туынды болып бөлінумен бірғе жа-салу жүйесі жағынан алуан түрлі болып келеді.

Негізгі түбір бейне үстеулері катарына аман, әрең, әсер, бекер, дереу, жай, жедел, жылдам, кенет, құр, қатар, оқыс, оңаша, түгел, тез, шүғыл т. б. сияқты сөздер жатады.

Туынды бейне үстеулері құрылысы жағынан әр турлі болып келеді де, жасалу жолы түрғысынан. морфологиялың және синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.

Морфологиялық тәсілмен жасалған бейне үстеулеріне әр алуан түбір (негізгі, туынды түбір) сөздерге түрлі қосымшалар қосылып жасалған түрлі-түрлі грамматикалық формадағы сөздер жатады. Атап айтқанда, туынды бейне үстеулерінің жасалу ізі мына сияқты болып келеді:

215


а) бейне үстеулерінің көпшілігі зат есім, сын есім, есімдік, әр түр-лі үстеу (негізгі және туынды) сөздерге -ш а\\-ш е қосымшасын қосу арқылы жасалады: адамша, айрықша, ауызша, әлінше, бөлекше, бұрынғыша, бұлайша, бізше, былайша, еркінше, ерекше, жаңаша, керісінше, керегінше, қалпынша, қысқаша, мейлінше, ойша, осылайша, өзінше, өзгеше, пәрменінше, солайша, тиісінше т. б.

ә) кейбір бейне үстеулері зат есімдерге -шаң\\-шең жұрнағын қо-су арқылы туады: жейдешең, көйлекшең, қамзолшаң, байпақшаң, майкішең т. б.

б) біраз бейне үстеулері зат есім, сын есім, есімдіктерге -л а й|| -лей, -д а й\\-д е й жұрнақтарын қосу арқылы жасалады: жарты-лай, жағалай, осылай, солай, тірілей, тікелей, шикілей, ендей, өлер-дей т. б.

в) көптеген бейне үстеулері көне және қазіргі барыс, жатыс, шы-ғыс, көмектес септік жалғауларының консервациялануы арқылы пайда болған. Мысалы, барыс септік жалғаулары арқылы бірге, зорға, ұшқары; жатыс септік жалғауы арқылы аңдаусызда, қапылыста, қапелімде; шыгыс септік жалғауы арқылы бірден, етпетінен, жүресінен, кенеттен, өздігінен, төтесінен, шалқасынан; көне және қазіргі көмектес жалғаулары арқылы астыртын, жасырын, тегін, үстіртін және жайымен, кезекпен. өздігімен, ретімен, түйдегімен, шынымен т. б. сияқты бейне үстеулері қалыптасқан.

г) бір алуан бейне үстеулері көсемшенің -п, -а, -й жұрнақтарын қосып айту арқылы аздап, біртіндеп, айқара, қайта, жаппай, сеспей т. б. сияқты формада пайда болған.

Синтаксистік тәсілмен жасалған бейне үстеулері құрамы жағынан біріккен сөздер және қос сөздер формалы болып келеді де, олардың сөз жасау жүйесіндегі қалыптасу амалдары әр түрлі болады.

а) біріккен (және кіріккен) сөздер арқылы жасалған туынды бейне үстеулері қатарына ауызекі (ауыз-аки) біржола, біржолата, жаза-тайым, жайбарақат сияқты сөздер жатады.

ә) бейне үстеулері қатарында сөздерді қосарлап айту арқылы жа-салған жаңа сөздер көптеп кездеседі. Соған орай олардың жасалу, қалыптасу жүйелері де әр түрлі болады. Атап айтқанда, қос сөзді бейне үстеулері мына сияқты жолдармен жасалған:

1) Жеке түбір сөздердің екі рет қайталануы арқылы жасалады: әрең-әрең, бірте-бірте, дара-дара, еміс-еміс, жиі-жиі, кезек-кезек, қатар-қатар, тез-тез т. б.

2) Мағынасы жуык, (синонимдес) сөздердің өз ара қосарланып айтылуы арқылы жасалады; аман-есен, аман-сау, есен-сау, есен-аман, сау-саламат, тату-тәтті және бір-біріне қарама-қарсы мағынада колданылатын сөздерді (антонимдердің) өз ара қосарланып айтылуы арқылы жасалады: астын-үстін, әр-бері, ілгері-кейін т. б.

3) Қосарлана айтылатын компоненттердің екеуі де мағынасыз сөздердің немесе компоненттердің не алдыңғы, не соңғы сыңары, не мағыналы, не мағынасыз сөздердің қосарлануы арқылы жасалады: апыл-тапыл, апай-топай, қапыл-құпыл, үйме-жүйме, шала-пұла, жа-яу-жалпы, емін-еркін, зым-зия, жым-жырт, жым-жылас, көпе-көрнеу, қаз-қатар, тым-тырыс, тым-тырақай, түпа-тура т. б.

4) Қосарлана айтылған сөздердің алғы сыңарына -м а\\-м е, -б а\\-б е, -па\\-пе жұрнағы қосылып айтылу арқылы жасалады: ауызба-ауыз, баспа-бас, бірме-бір, бетпе-бет, дәлме-дәл, жалма-жан, жекпе-жек, жүзбе-жүз, көзбе-көз, қарсыма-қарсы, қолма-қол, нақпа-нақ, сөзбе-сөз, сайма-сай т. б.

216

5) Қосарланған сөздердің екі компонентіне де, кейде бір: ғана компонентіне көсемшенің -п, -а, -е, -й жұрнақтарының қосылып айтылуы арқылы жасалады: айлап-жылдап, ептеп-септеп, бөле-жара, бұза-жара, жата-жастана, кие-жара, көре-біле, арымай-талмай, жатпай-тұрмай, шашпай-төкпей, ішпей-жемей т. б.



6) Қосарланған сөздердің алдыңғы не соңғы компоненттеріне, кейде екі компонентіне де белгілі бір септік жалғауының қосылып айтылуы арқылы көптеген бейне үстеулері жасалған. Мысалы: алғы

компоненті шығыс жалғаулы ашықтан-ашық, бостан-бос, жападан~ жалғыз, жайдан-жай, құрдан-құр, өзінен-өзі, тікеден-тік, тосыннан-тосын, тектен-тек, т. б.; соңғы компоненттері барыс септік жалғаулы алды-артына, бет-бетіне, үсті-үстіне; шығыс септік жалғаулы өз-өзі-нен; көмектес септік жалғаулы бет-бетімен, жұп-жұбымен, кесек-кесегімен, лек-легімен, топ-тобымен және бостан-босқа деген сияқты сөздер.

Бұлардан басқа бейне үстеулерінің қатарына сөздердің қосарла-нуы амалының әр түрлі жолдарымен жасалған алма-кезек, кесе-көл-денең, жарым-жартылай, өзді-өзі деген сияқты сөздер де жатады.

Сан жағынан қаншама көп, морфологиялық құрылысы жағынан да соншалық әр алуан болып келуіне қарамай, бейне үстеулері — еш-қандай өзгеріске түспейтін сөздер. Олар сөз байланыстыратын көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғауларының бірде-бірін қабылдамайды. Сол сияқты, бейне үстеулері сөз тудырушы қосымшалардың да ешбірін қабылдамайды, демек, бейне үстеулерінен ешқандай жаңа сөз жасалмайды.

Күшейту үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі күшейту үстеулері заттың сынның және іс-әрекет, қимыл сынының, сондай-ақ мөлшерлік, көлемдік белгілер-дің әр түрлі көріністерін кеміте не асыра, не ұлғайтып, не күшейтіп айту үшін қолданылады. Мыс.:



Діңгек а с а биік екен. (Мұқанов) Н а ғ ы з шын ер көнбегендер капиталдың иіне. (Сейфуллин) Ағылшындар Индия тарихын орыс мәдениетінен ө т е жырақ ұстаган (Әуезов) дегенде аса, нағыз, өте сөздері биік, шын, жырақ сияқты сын есімдердің сапалық мәнін асыра белгілеу үшін қолданылып айтылып тұр.

Күшейту үстеулері де морфологиялық құрылысы жағынан негізгі және туынды болады. Негізгі түбір күшейту үстеулеріне аса, әбден, бек, ең, кіл, мүлде, нағыз, орасан, өте, тым, тіпті сияқты сөздер жатады.

Туынды күшейту үстеулері түбір сөздерге әр түрлі қосымшалар қосылу арқылы морфологиялық жолмен және жеке сөздердің бірігуі не қосарлануы арқылы синтаксистік жолмен жасалады.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған күшейту үстеулер, көбі-несе, -ш а (-ш е) қосымшасы қосылып жасалады. Мысалы: айрық-ша, барынша т. б.

Синтаксистік тәсіл арқылы пайда болған туынды күшейту үстеу-лері жеке сөздердің өз ара бірігуі арқылы кілең (кіл-ең), небір және өте-мөте сияқты қосарлана айтылуы түрінде де жасалған.

Күшейту үстеулері де ешқандай морфологиялық сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдамайтын, сол сияқты сөз тудырушы қосым-шалар арқылы жаңа сөз жасауға да негіз болмайтын, демек, сөз түрлендіруші де, сөз тудырушы да қосымшаларды қабылдамайтын сөздер қатарына жатады.

217

Мақсат үстеулері



Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері іс-әрекет, қимылдың не мақсатпен жасалғанын, яғни қимылдың мақсатын білдіреді. Сол се-бепті олар әрқашан етістік сөздерге тән мағынаның мақсаттық белгісін анықтайды. Мыс.:

Абай Біржанды Құнанбайдың осы үлкен ауылына ә д е й і кел-тірген еді. (Әуезов) Күлімкөз деп атыңды ж ор т а қойдьш. (Халық өлеңі) Жек көріп алған соң к ө р і н е жау боп, Кегін алса болмай ма сыпыра жалмап. (Абай) Балдағы бар бір жігітті көрдім де, Қ а с а қ а- н а сауал бердім, келдім де (Аманжолов) дегендегі әдейі, жорта, көріне, қасақана үстеулері сөйлемдегі келтірген еді, қойдым, жау боп, сауал бердім сияқты құранды, күрделі, жалаң етістіктерге тән әр түрлі қимыл, іс-әрекет, амал процестерінің қандай мақсатпен жа-салып тұрғанын білдіріп тұр.

Мақсат үстеулері — ешбір өзгеріске түспейтін сөздер, сондықтан олар морфологиялық сөз түрлендіруші және сөз тудырушы қосымшалардың ешқайсысын да қабылдамайды.



Себеп-салдар үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар үстеулері іс-әрекет, қимыл-дың неліктен, не себептен жасалғанын және оның салдарын білдіре-ді, сөйтіп етістік сөздергө тән мағыналардың себебін анықтайды. Мыс.:



Сен жылайтын болсаң бұлай б е к е р г е жылама. (Мұқанов) Құс жұлқына бастады, а м а л с ы з д ан томағасын алдым (Әбдіқадіров) дегенде бекерге сөзі жылау процесінің, амалсыздан сөзі құстың томағасын алу процесінің неліктен, ненің салдарынан жасалғанын білдіріп, олардың себебін анықтап тұр.

Себеп-салдар үстеулерінің бәрі де морфологиялық жағынан тек туынды болып келеді. Олардың жасалу жолы сөз тудыру амалдары-ның морфологиялық тәсілі арқылы жасалса да, әр түрлі сөз тудыру-шы қосымшаларды (жұрнақтарды) қабылдау жолымен емес, тек қана барыс, шығыс септік жалғауларының консервациялануы жолымен жасалған. Мысалы:

а) барыс септік жалғауының консервациялануы арқылы бекерге, босқа, текке сияқты сөздер жасалған.

ә) шығыс септік жалғауының консервациялануы арқылы амал-сыздан, қатеден, ғапылдықтан, лажсыздан, шарасыздан сияқты сөз-дер жасалған.

Себеп-салдар үстеулері де ешқандай морфологиялық өзгерістерге енбей, демек, морфологиялық сөз түрлендіруші және сөз тудырушы қосымшалардың бірде-бірін қабылдамайды.

Топтау үстеулері

Қазіргі қазақ тіліндегі топтау үстеулері іс-әрекет, қимылдың топ-тық белгісін білдіреді де, етістік сөздерге тікелей қатысты айтылады. Мыс.:



Майда бомбалар тастап штурмовиктердің бірнеше тобы бірінің соңынан бірі ү ш е у л е п, алтаулап, тоғыздап зу-зу өтіп жатты. (Момышұлы) Мұндай мысалдарды к ө п т е п келтіруге болады (Қаратаев) дегенде, үшеулеп, алтаулап, тоғыздап сөздері штур-мовиктердің қимыл белгісін топтай айтып тұрғанын көреміз.

218


Топтау үстеулерінің бұлайша қолданылуын етістіктің көсемше формалы -лап\\-леп түрімен шатастыруға болмайды. Мысалы: Е к еу л е п сандықты арбаға салды (Майлин) дегендегі екеулеп сөзін жоғарыда келтірілген үшеулеп, алтаулап, тоғыздап сөздерімен салыстыруға болмайды. Екеулеп сөзі іс-әрекет, қимылды тікелей көрсетіп тұрса, соңғылар әр түрлі іс-әрекет, қимылдың топтық белгісін білдіріп тұр. Соған байланысты екеулеп сөзі екеулей бастады, екеулеген еді, екеулемей ме, екеуледі т. б. сияқты формаларда қолданыла беретін болса, топтау үстеулері формасындағы сөздер ешбір өзгеріске енбейді.

Топтау үстеулері — морфологиялык; құрамы жағынан кілең ту-ынды түбір сөздер. Олардың жасалу жолы морфологиялық және синтаксистік тәсілдер болып келгенімен, түбінде -л а п\\-л е п, -д ап\\ -д е п, -тап\\-теп жұрнағы арқылы ғана жасалған сөздер болып келеді. Оның үстіне, топтау үстеулері, негізінде, бір-ақ сөз табынан — сан есімдерден және бірен-саран сандық ұғымдағы сөздерден ғана жасалады.

Топтау үстеулері морфологиялық тәсіл арқылы жасалғанда түбір сан есімдер мен кейбір сандық ұғымдағы жеке сөздерге -л а п\\-л е п жұрнағын қосып айту арқылы екеулеп, үшеулеп, төртеулеп, жүздеп, мыңдап, отыздап, көптеп, жекелеп, парлап т. б. сияқты түрде айтылады.

Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған топтау үстеулерінің түбір тұлғалары сан есімдер мен сандық ұғымдағы сөздер болады да, тек қос сөздер түрінде кездеседі. Ондай қос сөздердің формалық ерекшеліктеріне қарай екі сыңары да не соңғы сыңарлары -л ап\\ -л е п жұрнақты болып, бестеп-ондап, жиырмалап-отыздап, қырықтап-елулеп, он-он бестеп, отыз-қырықтап, елу-алпыстап, жеке-жекелеп, қос-қостап, пар-парлап т. б. түрінде келеді.

ШЫЛАУ

Тілімізде бір алуан сөз лексикалық мағынадан айрылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру үшін немесе сөзге қосымша мағына үстеу үшін жұмсалып, грамматикалық амал ретінде қызмет атқарады. Бұл сөздерде лексикалық мағына бол-мағанмен, өздеріне тән, қызметіне тән мағыналары бар. Ол — абстрактылы грамматикалық мағына.

Мағынасындағы, жұмсалуындағы осы ерекшеліктері ескеріліп, бұлар сөздік құрамдағы айрықша бір топ, сөздердің айрықша түрі ретінде дараланып шылаулар деп аталады. ПІылау деген атау бұл сөздерді сөз табы ретіндө емес, сөздік қордағы өз ара грамматика-лық ортақ сипаты бар ерекше түр, топ екенін атайды. Шылаулар сөз тіркестерін құрауға тең компонент болып қатыса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретіндө жалғасады.

Осындай ортак; сипаты, негізінде, бір топ болып танылған ш ы - л а у сөздер сөз табына қойылатын талаптар (критерий) тұрғы-сынан саралағанда, өз ара мына ү ш топқа бөлінеді:

1. Септеуліктер; 2. Жалғаулықтар; 3. Д е м е у л і к т е р.

Сөз таптарының қатарына шылаулар осы топқа сай дараланып енеді.

Шылау сөздер атау мағыналы сөздерден дамып шыққан. Бірақ атаулы сөзден шылаудың дамып шығуы ұзақ процесс. Көп

219


сөздер тек белгілі ситуацияда ғана шылау қызметінде жұмсалып, ұзаққа дейін өзінің негізгі. мағынасынан ажырамайды. Араға ұзақ уақыт салып барып оның грамматикалық қызметінен оған омоним ретінде жаңа шылау сөз дараланып шығады (мысалы: қарай—етістік, қарай— шылау т. б.). Осы себептен шылау мен атау сөздердің аралығында жүрген сөздер тілімізде едәуір.

Осы сияқты шылау қатарында септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінген сөздер де өз ара қарым-қатынаста тұрады. Мысалы, септеулік сияқты бір жұмсалуында модальді сөздер қызметіне жуықтайды.



Бұрын участкалық агроном болатын, Іс білетін сияқты, көп-шілікке жағымсыз емес. (Мұқанов)

Ал, демеулік тек көп жағдайда жалғаулық қызметін атқарады. Бұның бәрі тілдің жүйесін қалайтын құрамның өз ара диалектика-лық байланыста жататынын байқатады.

СЕПТЕУЛІКТЕР

Септеуліктер өз ара бағыныңқылық қатынастағы сөздерді байла-ныстыру үшін жұмсалады. Сондықтан қызметі, мағынасы жағынан септеуліктер септік жалғаулар сипаттас. Бұлар да сөз бен сөздің ара-сындағы мезгілдік, мекендік, себептік т. б. осы сияқты абстрактылы-грамматикалық қатынастарды білдіреді. Бұл — септеуліктің мағына, қызметі жағынан демеулік, жалғаулықтардан ерекшеленетін жайлары.

Септеуліктердің жұмсалуында да өзгешелік бар. Демеуліктер, жалғаулықтар өздері тіркесетін немесе байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасына селқос. Атаушы сөздер қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалғаулық, демеуліктер оны елемей жұмсала береді. Септеуліктер олай емес, атаушы сөздерді арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Мысалы, септеулік дейін атаушы сөзге барыс септік формасын қабылдағанда ғана тіркеседі, ал кейін, соң сөздің шығыс септікте тұруын талап етеді.

Септеуліктер қызметі жағынан септік жалғауларға ұқсас болған-дықтан, көбіне, зат есім, есімдік, есімше, тұйық етістіктерге тіркеседі. Бұл сөздерге септеуліктер үш формада — атау, барыс, шығыс, көмектес септік формасында меңгеріп тіркеседі.

Сөздерді атау формада меңгеретін септеуліктер: арқылы, бойы, бойда, бойынша, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, сайын, үшін.

Сөздерді барыс септік формасында меңгеретін септеуліктер: дей-ін, шейін, деген, деп, қарап, қарсы, қарай, салым.

Сөздерді шығыс септік формасында меңгеретін септеуліктер: бе-рі, кейін, соң.

Сөздерді көмектес септік формасында меңгеретін септеуліктер: бірге, қабат, қатар.

Септеуліктер, басқа шылаулар тәрізді өзіне жалғау, жұрнақ жал-ғамайтын, түрленбейтін категория. Осы жалпы қағидадан ауытқу мезгіл-мекен мағыналы септеуліктердің басында ғана бар. Бұл сеп-теуліктер бойына сын есім тудыратын -ғы, -гі жұрнақтарын қабылдап жұмсала алады: қырыққа дейінгі, жазға салымғы, күзге таманғы т. б. Бірақ бұл жерде жұрнақты қабылдаушы тек септеулік емес, аналитикалық формадағы күрделі сөз. -ғы, -гі — мезгіл, мекен мағыналы сөзге жалғанатын жұрнақ. Сондықтан ол басқа жұрнақтардан өзгешелеу жұмсалып сөзге жатыс септік жалғауынан соң тұрып жалғанады.

220


Жұрнақ дейін, соң, кейін септеуліктеріне де осы ереже бойынша жалғанып тұр.

Септеуліктердің жұмсалу өрісі олардың шығу, қалыптасу тари-хына, синонимдік варианттарының қатарына көп тәуелді.

Қазақ тілінде үшін, сайын — өте жиі жұмсалатын септеуліктер. Бұл олардың мағынасына, қызметіне ортақтас басқа септеуліктердің болмауынан. Екіншіден, бұл септеулікгер өте абстрактыланып, жұмсалуда сөз талғамайтын болып өрісін кеңейтіп алған.

Осы сияқты бір синонимдік қатарға жататын септеуліктер де өз ара тең жұмсалмайды. Әр варианттың жұмсалуы сөйлеудегі дәстүрге не септеуліктің белгілі бір семантикалық топқа жататын сөздерге, сөз формаларына ғана қатысты жұмсалып, соларға ғана телініп қалуына байланысты.



Туралы, жөніндегі, жайлы деген септеуліктер мағына жағынан толық синонимдес болғанмен, олардың жұмсалу өрісінде ерекшелік бар. Туралы, көбіне, газет-журнал тілінде кездессе, жөніндегі, жайлы көркем әдебиет тілінен көбірек табылады. Бұл — стильдің тіл фактісін саралануынан туған жай.

Таман, салым мағынасы қатар болғанмен, соңғысы тек санаулы сөздермен (қыс, көктем, жаз, күз) ғана тіркеседі. Таман сөздерді тал-ғамай тіркеседі. Бұл екі септеуліктің жұмсалу ерекшелігі олардың қалыптасу тарихына байланысты.

Септеуліктердің мағынасының сипаты әр қилы. Бір септеуліктер өте абстрактылы мағынаны білдірсе (дейін, үшін, сайын т. б.), бір септеуліктердің мағынасы бастапқы аталуы сөзден көп қашықтап кете алмаған (қасы, кейін, т. б.). Бірақ септеуліктердің басым көпшілігі абстрактылы-грамматикалық мағынаны білдіреді. Және бірқатар септеуліктер негізгі мағынасымен катар тіркесетін сөзінің ыңғайына карай қосымша мағына да білдіріп жұмсалады.

Сондықтан септеуліктерді топтағанда басты, негізгі мағынасы ескеріледі. Мағынасына қарай септеуліктер бес топқа бөлінеді.

1. Мезгіл-мекен мағынасындағы септеуліктер: дейін, шейін, бойы, бойында, таман, салым.

2. Амал мағыналы септеулер: бойынша, бірге, қабат, қатар.

3. Мақсат мағыналы септеуліктер: үшін, деп.

4. Қатыстың мағыналы септеуліктер: туралы, жөнінде, жөніндегі, жайлы.


  1. Теңеу, талғау мағыналы демеулер: сияқты, секілді, тәрізді.

Септеуліктер де, басқа шылау сөздер тәрізді, атаушы сөздерден

дамып шыққан. Бұл категорияның толығуы, жетілуі — тілдің тари-хымен қатар жарысып келе жатқан ұзақ процесс. Бірқатар септеу-ліктер көнеде шығып, қазір бастапқы төркінінен танымастай алшақ өзгеріп кеткен. Үшін, дейін, шейін, сайын т. б. осы сияқты септеу-ліктердің шығу тарихы этимологияның көмегімен ғана танылады.

Мысалы: үшін<үш (ертеде себеп деген мағынада жұмсалған) -ін21, дейін < тег {тиу деген мағынада) -ін22, сайын < сай (санау деген мағынадағы сөз) -ін23 т. б.

Көп демеулердің (қарай, бетте, бойы т. б.) тұлғасы төркін сөзден алшақтанбаған. Бірақ олар септеулік ретінде қызмет, мағынасы ай-қын ерекшеленіп, бастапқы төркін сөзіне омоним (омоформа) ретінде танылады.



21 К. Г. 3 а л е м а н. Меlаngеs Азіаtiques, X. Zivraison. 2, 212. Бұл мағлұмат А. Н. Кононовтың “Грамматика современного турецкого литературного языка” (М., 1956, 317-6.) деген еңбегінен алынды.

22 А. Н. К о н о н о в. Послелогы в современном узбекском языке Ташкент, 1951, 20-бет.

23 Н. А. Б а с к а к о в, Каракалпакский язык, II, М., 1959, 511-бет.

221


Біраз септеуліктердің өзіндік қасиеті белгілі бір ситуацияда ғана байқалады, ол ситуациядан тыс оны септеулік ретінде ажыратып алып тану өте қиын. Мысалы бері, қарсы септеулік ретінде мезгіл мағыналы сөздермен тіркескенде (жаздан бері, жазға қарсы) байқалады. Мекен не басқа атау мағыналы сөзбен тіркескенде (сайға қарсы қонды, өзектен бері айдады), олар үстеу сөз ретіндегі конкретті мағынасынан ажырай алмай қалады. Көп үстеу, есім, етістік сөздер (басында, шағында, кезінде, бастап т. б.) кей жұмсалуында септеулік қызметіне жуық келеді. Мыс.: Сөйлесіп ұғынысқаннан б а с т а п үйірлене береді. (Бегалин)

Осының бәрі септеуліктер толығу, жетілу үстіндегі сөз табы еке-нін байқатады.

Мезгіл-мекен мағыналы септеуліктер

1. Септеулік дейін, шейін шек, меже туралы абстрактылы мағы-на береді. Бұл абстрактылы мағына атаулы сөздің ыңғайына түсіп конкреттенеді. Мезгіл мағыналы зат есім, үстеу сөздерге, өткең шақ формалы есімше сөздерге жалғасып дейін, шейін мезгіл, шақ жүзін-дегі межені, шекті білдіреді.

Ал, мекенді атайтын зат есім сөздерге тіркескенде септеуліктер кеңістік жүзіндегі шекті, межені танытады.



Әйелі ертеңнен кешке дейін күйбең-күйбең. Ертеңге д е й і н ұстаудың жөні тағы жоқ. Әкесінің ашулы кескінін көріп, көрпені ба-сына д е й і н жамылып алды. (Мұратбеков)

Жалғасатын сөзі мекендік мағынаны атамаса, контекске қарай дейін, шейін аталған заттардың толық қамтылғанын білдіреді.



Күміс жапырақты көк теректен бастап, қайың, үйеңке, қара ағаштың бірнеше түрі, ең аяғы жабайы өскен шілік талдарға д е й і н бар. Құлағына дейін қызарып ыржия күлді де, қойды,. (Мұратбеков). Бұл ортадағы қорқақтың қорқағы Арынға ш е й і н атқа мінген. Мұстапа баптанып орнынан тұрғанша көксау Әмірбекке д е й і н Махамбетшенікіне жетіп үлгірді. (Мұстафин)

2. Таман — зат есім, үстеу сөздерге жалғасып, істің, оқиғаның мекені, мезгілі осы сөздер арқылы аталған мезгіл, мекенге тақау еке-нін білдіреді.



Тым бері бұрыла бермеңіз, күн батысқа т а м а н жүрейік. (Майлин) Түске т а м а н Майбасардың екі атшабары Үрімбай ау-лына түсті. (Әуезов)

Салымтаманға синонимдес септеулік. Ол тек қыс, көктем, жаз, күз деген сөздермен ғана тіркесіп жұмсалады.

3. Септеулік бойы. жыл мезгілдерін бірдіретін сөздерге, ай атта-рына, өмір, жыл, ай, күн, түн (күні, түні деген формасына) деген сөз-дерге жалғасып, істің созылу мерзімін білдіреді.



...әдетте саңлақты ерекше күтімге алып, айлар б о й ы жаратады. (Көшімов) Түні б о й ы ой мен қырға шаба-шаба... қалжыраған Кәмен үйіне кеп құлап түсті. (Мұратбеков)

4. Өткен шақ есімше сөзге жалғасьш септеулік бойда іс есімше арқылы аталған оқиға, әрекеттен соң іле-шала болатынын білдіреді.



Бекен кірген б о й д а өзінің ат көрпесін бүктеп салып, есік жаққа отыра кетті. (Мұратбеков)

5. Бұл септеулікке мағына жағынан бетте жуық.



Бұлар кірген б е т т е... сырт киімдерін шеше салып жантая кетісті. (Көшімов)

222


6. Кейін, соң септеуліктері істің болу (мезгіл жүзіндегі) кезегін, заттың орналасу (кеңістік жүзіндегі) кезегін білдіреді.

Біраз жүргеннен кейін барылдаған жуан үнмен: Мен керек емеспін ғой, Күлипа, деді. Былай шыққан с о ң бұрылып артыма қарадым. (Мұратбеков)

7. Септеулік бері өзі қатысқан сөзбен бірігіп істің кеңістік немесе мезгіл жузінде басталу шағын, кезегін білдіреді.



Былтырдан б е рі ортаншы інісі, шешесі, жекжаттары қосылып өз алдына үлкен ауыл болып отыр. (Мұстафин) Қара балапан бір аптадан б е р і бөртпе жемге қақтырылса... (Көшімов)

8. Қарай — мекен мағыналы сөздермен тіркесіп істің бағытын білдіреді.



Батыстан шығысқа қ а р ай бір мұртаған ызғырық бар. (Көші-мов) Трактор... артқа қ ар а й шоңқая берді. (Мұратбеков)

Қарай — мезгіл мағыналы сөздерге тіркесіп, сол сөз арқылы аталған мезгілге жуық, жақын шақты білдіреді.

Түнге қ а р а й сырттағы дыбыстар үйдің ішіне.. анық естіледі, (Мұратбеков) Олар... кешке қарай екі-үш қоян немесе түлкі әкеледі. (Көшімов)

Осы мезгіл, мекен мағынасында қарай қаладан бері, жаздан бері дегендей шылаулы сөздің үстіне де тіркесіп (қаладан бері қарай, жаздан бері қарай) жұмсалады.



...жиырмаға жақын адам көктемнен б е р і қ ар ай құлазыған қалың шилі сай табанын күмбірлеген тіршілік тұрағына айнал-дырды. (Көшімов)

Мезгіл, мекен мағынасы жоқ сөздерге тіркесіп қ а р а й істің амалын, тәсілін білдіреді.



Басқалар ауқатына қ а р а й ақы төлейді. (Мұстафин) Томағаға үйреттім, өзіцңің айтуыңа қарай ашыған жылқы бездерін беріп түлеттім. (Көшімов) Әр хайуанның мезгіліне қарай өз көркемдігі бар. (Бегалин)

9. Қарсы септеулігі қыс, көктем, жаз, күз немесе тұйық етістік-терге тіркесіп мезгіл шамасын білдіреді.



Жазға қарсы жүздеген ауыл келіп қонатын бұл жайлау өзге айларда құлазып бос қалады. (Мұқанов)

10. Септеулік сайын зат есім немесе есімше сөзге тіркесіп істің, оқиғаның қайталау, өрбу кезеңдерін, шақтарын білдіреді.



Қадам сайын жүрісін де, сөзін де үдетіп келеді. (Мұстафин)

Амал мағыналы септеуліктер

1. Септеулік арқылы зат есім, тұйық, рай сөздерге тіркесіп істің амалын, құралын білдіреді.

...Қарабұтақ, Ырғыз, Торғай арқылы Қостанайға тарттық., ...үй мен үй терең қазылған орлар а р қ ы л ы қатынасады. (Мұқанов)

2. Септеулік бойынша тұйық етістікке уәде, сөз, заң, ереже, ақыл деген сияқты сөздерге жалғасып істің себебін, амалын, тәсілін, үлгіізін білдіреді.



Кеше кешке байланған уәде бойынша Аужан жылқышыға... атты ерте алдырып, таң бозынан аттанды. (Бегалин)

Қыстырма сөз құрамында келіп, дәл ілгеріде аталған тіркесте жұмсалып бойынша сөйлемде айтылған ойдың дәлелін, негізін біл-діреді.

223

Ал, басқа бапкерлердің ңұсқауы бойынша, бұл дұрыстыққа жатпайды. Менің болжауым б о й ы н ш а, қара балапан асыранды құс емес. (Көшімов)

Ел тұрағын, мекенін атайтын сөздерге жалғасып бойынша іс оқи-ғаның тарау, жайылу шегін білдіреді: Осы өңір бойынша су тапшы.

3. Қатар, қабат, бірге — мағына жағынан синонимдес септеулік-тер. Бұлар зат есім, тұйық рай етістік сөздерге тіркесіп қатар істі, объектіні білдіреді.

Қорғамасаң, көктетпей жейді. Себумен қабат қорғау керек, (Мұстафин) Тегінде әйелді әйел жақсы түсінумен бірге өте жақсы міней де біледі. (Әуезов)

4. Септеулік арқасында себепгік қатынасты білдіреді.



...тек жалпақ қанаттарының арқасында оның кеудесі бір құшақ болып көрінеді. (Көшімов)

Мақсат, себеп мағыналы септеуліктер



1. Мақсат, себеп мағынасында көп жұмсалатын септеуліктің бірі — үшін.

Тұйық етістікпен тіркесіп үшін істің мақсатын білдіреді.



Ауыл маңындағы егіндерді шайға дейін бір шолып қайту ү ш і н Бекең атқа бүгін де ерте қонған. Жыл өткен соң қыз оқуын ары қарай жалғастыру үшін қалаға кетті (Мұратбеков)

Үшін зат есім, есімдік, есімше сөзге жалғасып істің, заттың арна-лу объектісін білдіреді.

Сіз ү ш і н оралдым, деп насыбайын бір атты. (Мұстафин) Әу баста күлкі ү ш і н қойса да, келе-келе жарасымды боп сіңісіп кетті. (Мұратбеков)

Ү ш і н өткен шақ есімшеге жалғасқанда барыс септік немесе -дықтан формаларының себеп мағынасында жұмсалуына жақын боп танылады. Бірақ септеулік өзіне тән арнау мағынасын білдіруін жо-ғалтпайтын сияқты.

Тапсырған істі жақсы орындағаны ү ш і н үкімет алғыс айтты оған,. (Мұстафин) Тіпті онымен қатар отырып келе жатқаны ү ш і н намыстанғандай болды. (Мұратбеков)

2. Деп — мағына жағынан үшін-ге жуық септеулік.



Деп -с ы н\\-с і н формалы бұйрық рай етістік сөзге тіркесіп іс-тің мақсатын білдіреді.

...іші тартылсын д е п иесінің өзі жарты айдай жай мініп жүрді. (Көшімов)

Зат есім сөзге тіркесіп деп арналу объектісін білдіреді.



Сонымен биыл қысқа д е п әзірленген шөп тегіс фермаға жина-лып бітер емес. (Мұратбеков)

Теңеу, талғау мағыналы септеуліктер

1. Теңеу мағынасында сияқты, секілді, тәрізді деген септеуліктер жұмсалады.

Шоқанның осы с и я қ т ы көңілсіз күйін сезген Добашинский әдейі әңгімеге айналдырғысы келді. Африканың қалың орманда-рында арыстан, жолбарыс сияқты аңдар ғажап көп болады. (Бе-галин)

Түрі жаман бұлардың, ашу қысқан с е к і л д і. (Байғанин)

224


2. Септеулік гөрі зат есім, түйық рай, етістік есімше сөздерге жал-ғанып талғауды білдіреді.

Трактор ұмтылып барып, артқа қарай бұрынғыдан да г ө р і шоңқая берді. Жеңгей, шайдан г ө р і, егер бар болса, айран беріңіз, деп өтінді әлгі кісі. (Мұратбеков)

Қатыстық мағыналы септеуліктер

1. Туралы, жайлы, жөнінде, жайында септеуліктері істің, пікірдің кімге, неге қатысты екенін білдіреді. Соңғы екі септеулік кейде жайындағы, жөніндегі деген түрде де жұмсалады. Бұл формада сеп-теуліктер зат есім сөзді екінші зат есім сөзбен байланыстырады. Ал, туралы, жөнінде, жайында зат есім сөзді етістікпен де, зат есім сөзбен де байланыстыра береді.

Шыңғыс Добашинский ойына түсірген Ломоносов ж а й ы н д а- ғ ы Пушкин сөзін есіне алды. (Бегалин)

2. Септеулік деген зат есім, есімдік, тұйық етістік сөздерге жал-ғанып екінші бір заттың кімге, неге арналғанын білдіреді24.



...Бекең бірте-бірте өзінің оған д е г е н өкпесін де кешірді. (Мұ-ратбеков)

3. Осы сияқты қатыстық мағынаны септеулік дегенде де білдіре-ді. Бұл зат есім, есімдік, тұйық етістік сөздерге жалғанып істің, қи-мылдың кімге, неге арналғандығын білдіреді.



Әсіресе Нұрмақ қыран бүркіт, түзу мылтық, бәйгі ат, жүйрік тазы д е г е н д е ішкен асын жерге қояды. (Көшімов) Колхоз д е г е н д е түн-түнімен төңбекшіп, үйқы таппаймыз. (Сланов)

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет