3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет15/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

1. Он бір буынды өлең. Бұл — қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма-қол экспромтқа дейін, кешегі “Қаратау-дың басынан көш келедіден” (Халық әні) бүгінгі “Ассалаумағалайкүм Алатауыма” (Мақатаев) дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ. Өзі бір әдемі өлшем: үнсіз оқысаңыз үйіре жөнеледі,

282


дыбыстап оқысаңыз көкірегіңізді күйге бөлеп, тіпті ән .салғыза жаздап, әлдилей тербеп тұрады:

4 3 4


/Құлагердей/. /алдымда/ /бүкіл еңсең/

3 4 4


/Тұратын/ /жыр бейнесін/ /күтіп өңшең/

4 3 4


/Маңдайына/ /қазақтың/ /өлең бітсе/

3 4 4


/Өлеңнің/ /маңдайына/ /бітіп ең сен/

(Г. Есімжанов.)

Әлгі қасиетінен болуға тиіс, бунақтары ылғи бұлайша араласа бермей, буын сандарына қарай ықғайласа текшеленіп, кібіртіксіз қылаң ұра қатар түзеп, әлдебір әнге бейім ағыммен татаусыз төгіліп тұрады.

3 4 4

/Бір солдат/ /туған жері/ /Қарабалық/

3 4 4

/Майданнан/ /оралыпты/ /жараланып/



3 4 4

/Питерді/ /өз көзімен/ /көрмек болып/



    1. 4 4

/Қалыпты/ /достарынан/ дараланып/

(Қ. Жармагамбетов.)

Бұл шумақтың бас бунағы үш буын да, басқа бунақтары төрт буыннан түзіліп тұрса, мына төменгі шумақта үш буынды бунақ түп-түгел өлең, тармағының ортасына көшіп кеткен:

4 3 4


/Туған елім/ /күн сүйген/ /Қазакстан/

4 3 4


/Түлегіңмін/ /төріңді/ /қалап ұшқан/

4 3 4


/Сырлы қобыз/ /жүрегім/ /күй толғайтын/

4 3 4


/Саған арнап/ /соғыпты/ /қазақ ұстан/

(М. Айтхожина)

Ал мына шумақтағы үш буынды бунақтар әр жолдың аяғына сусып шығып, ырғақ қана емес, ұйқас арқылы да үндесе жымдасқан:

283 4 4 3

/Көкше қандай/ /көктем қандай/ /май қандай/

4 4 3


/Айнакөлді/ /айдан қиып/ /қойғандай/

4 4 3


/Түкті кілем/ /тоқып шебер/ /табиғат/

4 4 3


/Оқжетпестің/ /етегіне/ /жайғандай/

Т. Әбдірахманова.)

Буындардың бұлайша симметриялы тізбектелуі тегін емес, мұнда, шынында да, ертеден келе жатқан бір жазусыз заң бар тәрізді. “Ертедегі қазақ өлеңдерінің қай түрі болсын әнге келеді,— дейді профессор . Б.Кенжебаев,— баяу, желдірме, шырқама әнмен айтылады, оқылады. Әсіресе, қара өлең шырқамалы, ырғақты әнмен айтылады”. Бұл — дұрыс пікір.

Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліп, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін — қ а й ы м ө л е ң, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін — қ а р а ө л е ң, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін — ө л е ң атағаны * мәлім. Шоқан пікірінің теориялық құнын өз алдына қойып, тек тарихтық байыбына барғанның өзінде, он бір буынды өлең — қазақтың акындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етенё, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығына сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықлым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып 'келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ ақыны жақ. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешелігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да; бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан.



2. Он буынды өлең. “Алпамыс” жырының қарақалпақ вариантында: “Айыл тартқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі”,— деп келетін он бушнды өлең

Ш. Уәлиханов, Шыр., СПБ, 1904, 227—228-беттер.

284


жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты.

Оның есесіне, он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-нақылдарында жиі ұшырасады. ,

2 5 3

/Бардың / /пайдасы тиер/ /тар жерде/



2 5 3

/Жоқтың/ /залалы тиер/ /әр жерде/

деген секілді ырғақты, ұйқасты тармақтар біздің ауыз әдебиетімізде бірқыдыру. Басқы бунағы екі буыннан кілт айырылып, одан арғы екі бунақ кәдімгі сегіз буынды өлең ырғағымен қитықсыз көсіле, есіле жөнелген соң ба, алай, әйтеуір осы өлшем революциядан бұрынғы қазақ өлеңінде ара-тұра әжептәуір әнге айналып жүрді.

Жарты ғасырдан соң он буын жазба поэзиямызда тағы бір қылаң берді. Бұл жолы біздің өз замандасымыз— соғыста жүрген жауынгер ақын ән салды; ажал аузында тұрып ауылда қалған арманын жырлап, тыңдаушы-ның жан-жүрегін тебіренте тұтқындап, баршамызды баурап алды:

5(6) 5(6)

/Өңімде ме* еді/ /түсімде ме еді/

5 5

/Қөріп ем ғой бір/ /армандай қызды/



5 5

/Бір нәзік сәуле/ /күлімдеп еді/

5 5

/Сұрапыл соғыс/ /соқты да бұзды/



5 5

/Сапырды дауыл/ /тебіренді теңіз/

5 5

/Тулады толқын/ /шайқалды шың-құз/



5 5

/Қып-қызыл оттың/ /ішінде жүрміз/

5(6) 5

/Қайда екен қайда/ /дариға сол қыз/



(Қ. Аманжолов.)

* Өлеңде қатар келген екі дауысты дыбыс кейде бірігіп, өз ара кірігіп кетш, екеу емес, бір буын құрайтыны (өң-ім-де-ме-е-ді емес, өң-ім-де-ме-ді боп оқылатыны) әмбеге аян. Мүны ежіктеп жатуды ерсі көреміз. Сондықтан жалпы буынды жақшаға алып өте береміз — 3 Қ.

285

Осы әннің шырқалуы-ақ мұң екен, он буын өз алдына өлшем боп орнықты да қалды. Бүгінде бұл өлшеммен әркімдер-ақ жазып жүр.



3. Тоғыз буынды өлең. Бұл да бір тынысы кең, лепті ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс толқынының соқпа-соқпасы айрықша ашық ырғақпен нақпанақ, кейде тіпті тақпақтап естіліп, іркіліссіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді (“Отаным кең байтақ, орманды...”), жалпы жұртка жария айтылар толғамды, ойлы жарлай арнауға да көнеді (“Тынықсын тимеңдер адамға”).

Енді бірде бұл ырғақ өлеңде суреттеліп отырған құбылыстың, не қимылдың құдды өз дыбысы секілденіп, өмірден өнерге тура ырғып түсетіні бар:

3 3 3

/Жолдағы/ /төбелер/ /жоғалды/



3 3 3

/Көк орман/ /күзетті/ /арнаны/

3 3 3

/Сарқырап/ /өмірге/ /жол алды/



3 3 3

/Халықтың/ /қашанғы/ /арманы/



(X. Ерғалиев )

Бұл арада тоғыз буыннан туған әуез сөз толқын емес, Донға қол созған Еділ өзенінің өз толқыны секілденіп, Еділге Донды тоғыстырған қаһарман халықтың жеңіс тойының үстіндегі шаттық үніндей шалқып естіледі.

Қысқасы, тоғыз буынды өлең де — өмірге жанасымды, шындықты өз. мүмкіндігінің көлемінде ұтымды реттей алатын нұсқалы түр.

4. Сегіз буынды өлең. Туған кезі тым әріде жатқа? мен көнермей, ажарына ажар қоспаса, әжім түсіруді білмей келе жатқан аса сұлу, сырбаз, сылқым өлең. өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз әдебиеті де де бар:

5 3


/Ақ қоян қашар/ /жотадан/

5 3


/Ақ тайлақ өсер/ /ботадан/

(“Жар-жар” )

арғы тұстың Асанқайғысында да:

286

5 3


/Қырын да киік/ /жайлаған/

5 3


/Суында балық/ /ойнаған/

бергі тұстың Махамбетінде де бар:

5 3

/Арай ма сұлтан/ /арай ма/



5 3

/Астыма мінген/ /арғымақ/

5 3

/Аяңдай түсіп/ /марай ма/



Абай тұсында бұл өлең қарға аунаған түлкідей түлеп, тіпті құлпырып кетті:

5 3


/Өзгеге көңлім/ /тоярсың/

5 3


/Өлеңді қайтіп/ /қоярсың/

5 3


/Оны айтқанда/ /толғанып/

5 3


/Іштегі дертті/ /жоярсың/

Бұл өлшем біздің күндерде де тұғырдан таяр емес; қуаныш па, реніш пе, мұң ба, зар ма, кек пе, күлкі ме... әйтеуір адамға тән қандай сезім болса, соның бәрін сыйғызып, әр мазмұнды тек өз пішініне тән көркем кестемен өрнектеп келе жатыр. Мәселен,

5 3

/Басыма кидім/ /ақ қалпақ/



5 3

/Оюлап шетін/ /сырғызған/

5 3

/Менің де бетім/ /жап-жалпақ/



5 3

/Айырмам қайсы/ /қырғыздан/

деп Ә. Тәжібаев әдемі әзіл, шуақ юмормен үлкенше күлсе, А. Шамкенов үлкенге деген тілегін еркелей айтьш, балаша назданады:

5 3


/Болсаң да қанша/ /балажан/

5 3


/Мейрімді кезің/ /мөлдіреп/

5 3


/Аяма мені/ /анажан/

5 3


/Оқудан шаршап/ /келді деп/

287


Сегіз буын осы сезімдердің бәріне сәйкес, әрқайсы-сына өз үндестігі мен үйлесімін тауып бере алады, І

Бұл өлшемді төменгі тәрізді тағы бір тың машыққа көшіріп, тақпақтай оқып, әндете айтып, өзгеше сылаң жүріске салуға да болады:

3 3

/Түгестім/ /төзімді/



2

/қарғам/

3 3

/Бір көру/ /өзіңді/



2

/арман/


Мұндайда цезура екеуден үшеуге ауысып,клаузула бунағы екі буынға түседі де, кенет ырғақ өзгереді. Ерекшелік осында. Алайда бұл машық әзірше некен-саяқ. ақындар бұдан гөрі Пушкинді аудару үстіндегі Абай әуеніне (“Жарым жақсы киім киіп...”) жиірек көше бередіі

4 4


/Ойшыл орман/ /мүлгіп-қалғып/

    1. 4

/Төңіректің/ /сырын аддып/

4 4


/Жайлап қана/ /тартып сырнай/

4 4


/Сыр шертеді/ /ну қарағай/

Қ.Аманжолов



5. Жеті буынды өлең. Академик Корш былай деп жазды: “Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар”*. Дәл осындай пікірді академик Гордлевский де айтты: “Түрік нәсілдес халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең негізгі ж-әне ең ескі өлшемі тәрізді”**, Осы тұжырымдар тегін емес.

* Ф. Корш, Түрік нәсілділердің байырғы халық өлеңі, СПБ, 1909,, 26-бет,

** В. Гордлевский, Түрік әніне жасалған байқаулардан, “Этно- графиялық шолу”, 1908, 79-кітап, № 4, 69-бет,

288


Қыпшақ тілінін әлемге әйгілі тарихи ескерткіші “Кодекс куманикустың” 1303 жылы көшіріліп алынған текстінің 1880 жылғы Будапешт басы-лымында мынадай жұмбақ өлеңдер бар

4 3


/Косkаг тіzi/ /kоjигтаk/

4 3


/Қо]игтаkdап/ /kоjиг-іг/

4 3


/ Те§е тиsі/ /tj угтаk/

4 3


/Тіугтаkdап/ tіугтаk/

Егер біз қазақ тілі түрік нәсілділердің қыпшақ тобына қосылатынын мойындасақ, қыпшақ сөздігіндегі өлеңнің мынадай жеті буынмен жазылуын тағы да тегін дей алмаймыз.

Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі жеті буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі жеті буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, қүбылып тұрады.

а) Бас бунағы төрт буын:

4 3

/Қайраны жоқ/ /көлден без/



4 3

/Қайыры жоқ/ /елден без/

б) Бас бунағы үш буын:

3 4


/Біреуді/ /өзі жақсы/

3 4


/Біреудің/ /көзі жақсы/

в) Бас бунағы екі буын:

2 5

/Қайғы/ /қан аздырады/



2 5

/Мылжың/ /мый тоздырады/

289

Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе жыраулар, суырып салма ақындар -_ бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі, әрине, Абайда бар.



Бұл өлшеммен бүгінгі ақындар да жиі жазады:

4 3


/Ару өтті/ /сымбатты/

4 3


/Көз күлімдеп/ /ым кақты/

4 3


/Үнсіз көңіл/ /тіл қатты/

(Қ Ыдырысов.)

6. Алты буынды өлең. Бұл да бұрыннан бар өлең. Жалғыз-ақ, әр тармағы үш буыннан тепе-тең екі бунаққа бөлінген бұл өлшем бұрын өзінен-өзі нақпа-нақ, тақпақтап айтылатын:

3 3

/Жүргенге/ /жол жақсы/



3 3

/Қалғанға/ /үй жақсы/

Абай тұсында әндетіп кетті:

3 3


/Мен сәлем/ /жазамын/

3 3


/Қарағым/ /қалқама/

3 3


/Қайғыңнан/ /азамын/

3 3


/Барушы/ /айта ма/

7. Аралас буынды өлең. Мұның түрлері көп, Абай туғызған түрлері тіпті көп және қазақ өлеңінің Октябрьден кейінгі дамуына (ойға бағынған еркін өлшемдерге) сәйкес, әр ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтиже-леріне қарай көбейе бермек. Әрине, әр түрдің табылу һәм тұрақтану заңдылығы болмақ. Бірақ біз аралас буынды өлең түрлерінің әрқайсысын жеке мінездеп жатпай-ак, жұртқа таныс көрнекті үлгілерінің бірнешеуін ғана таңдап ұсынамыз:

290

4

І /Бойы бұлған/



4

/Сөзі жылмаң/

4 3

/Кімді көрсем/ /мен сонан/



4

/Бетті бастым/

4

/Қатты састым/



4 3

/Тұра қаштым/ /жалма-жан/

(Абай.)

5

ІІ /Алыстан сермеп/



5

/Жүректен тербеп/

5 3

/Шымырлап бойға/ /жайылған/



5

/Қиуадан шауып/

5

/Қисынын тауып/



5 3

/Тағыны жетіп/ /қайырған/

5 3

/Толғауы тоқсан/ /қызыл тіл/



5 3

/Сөйлеймін десең/ /өзің біл/

(Абяй.)

III.


5

/Сайрай бер, тілім/

4 3

/Сарғайған соң / /бұл дерттен/



4

/Бугілді белім/

4 3

/Жар тайған соң / /әр серттен/



6

/Қамырықты көңіл/

6

/Қайтсе болар жеңіл/



(Абай;)

291


IV.

3 3


/Ет жүрек/ /өртенді/

4

/От боп жанып/



4

/Жалын салып/

3

/Ішіме/


4

/Иттей қормын/

2

/Зармын/



4

Сен үздің ғой/ /бұл желкемді/

3 3

/Кім білер/ /ертеңді/



4

/Өлім айтпас/

4

/Келсе қайтпас/



3

/Кісіге/


4

/Бүгінгі күн/

2

/Бармын/


4 4

/Жолдас еттің/ /сен бөтенді/

(Абай.)

V.

4 4



/Сүйер ұлың/ /болса, сен, сүй/

4 3


/Сүйінерге/ /жарар ол/

4 4


/Сүйкімі жоқ/ /құр масыл би/

4 3


/Сүйретіліп/ /өтер сол/

5

/Табылмас қайла/



3

/Ойбайла/

3

/Не пайда/



(Абай.)

292


VI

4

/Тайға міндік/



4

/Тойға шаптық/

4 3

/Жақсы киім/ /киініп/



4

/Үкі тақтық/

4

/Күлкі бақтық/



4 3

/Жоқ немеге/ /сүйініп/

5

/Күйкентай күтті/



3

/Құс етті/

3

Не бітті/



4 (Абай.)

VII. /Мен паң едім/

4

/Бейқам едім/



4 3

/Еш нәрседен/ /қайғысыз/

4

/Тез дерттендім/



4 (5)

/Кейде өртендім/

3

/Қейде мұз/



(Абай.)

3 3


VIII. /Сырмақ қып/ /астына/

3 3


/Байының/ /тоқымын/

3 3


/Отының / /басына/

3

/Төрінің/ /қоқымын/



3

/Бүксітіп/ .

3

/Бықсытып/



3 3

/Қоқсытып/ /келтірді/

3

/Осының/ /бәрімен/



- 293

3 3


/Көңлінде/ /міні жоқ/

3 3


/Жүзінің/ /нәрі мен/

3 3


/Бойынын/ /сыны жоқ/

3

/Бүкшиіп/



3

/Сексиіп/

3 3

/Түксиіп/ /өлтірді/



(Абай.)

IX.


4

/Сәйгүлігім/

4 3

/Қеше қырдық/ /жабысы/



4

/Дүрсілдесін/

4 3

/Жерді жарып/ /дабысы/



4

/Кер кұлашты/

4

/Жер қыл тасты/



4

/Жел қыл қасты/

4

/Тұлпарымның/



4(5) 3

/Белплі екпін/ /шабысы/

Сейфуллин.)

2

Х /Жастар/



5 3

/Заманның қызыл/ /гүліміз/

2

/Жастар/


5 3

/Наданның сәуле/ /күніміз/

3 3

/Тегістік/ /тұрмысқа/



2

/Жастар/


5 3

/Ортақшыл, өркен/ /жаңа тап/

294

2

/Жастар/



5 3

/Лениншіл, өрен/ /жаңа топ/

3 3

/Тұрмысқа/ /ол нұсқа/



4

/Лениншіл жас/



4(5)

/Атта алға бас/

4

/Кел, аралас/



3

/Еңбекке/

4

/Елмен жетіс/



4

/Еңбек етіс/

4

/Елге жеміс/



3

/Бермекке/

(/. Жансүгіров.)

Бұлар — аралас буынды өлеңнің қазақ поэзиясындағы кейбір үлгілері ғана. Мұндай мысалдарды, әрине, жалғастыра беруге де болады. Бірақ біз олай етпедік, аралас буынды өлең ғана емес, қазақ өлеңіндегі жалпы буын түрлерінің әбден қалыптасқан, қалың жұрт қабылдаған, санаға сіңген даусыз үлгілерін ғана таңдап алдық.

Содан соң мынаны ескеру керек: қазақ өлеңінің буын жайын сөз еткенде, біз мұның өзіндегі жалпы заңдылыққа ғана назар аудардық. Әйтпесе әрбір өлшем қаққан қазықтай қалшиып, бір орында өзгермей тұрып қалады десек, қателескен болар едік. Айталық, он бір буынды өлең. Басқаны былай қойғанда, баяғыдан келе жатқан осы түрдің өзі “қырық” құбылады. Бунақтардың өз ара орын ауыстырып, ырғақты қалай өзгертетінін жоғарыда көрсеттік. Ал енді, кейде осы өлеңнің бір шумағындағы үш тармақ он бір буынмен қүйылып келіп, соңғы төртінші тармақтың жеті буынмен түйіліп тоқтайтыны бар:

295


3 4 4

/Жүректің/ /тарпып басып/ /талай қылын/

3 4 4

/Әлемнің/ /аспанына/ /тарайды үн/



3 4 4

/Оркестр/ /замананың/ /қақ төрінде/

3 4

/Бастайды/ /Адай күйін/



(Д. Қанатбаев )

Шумақтыд мұндай түрі қазір бұдан басқа өлшемдер-де де кездесе береді. Бірақ біз мұны Абайдан басталатьш айналасы жұп-жұмыр, теп-тегіс боп келетін әр алуан аралас буынның жаңа үлгісі ретінде ұсынбадық. Өйткені алғашқы үш жолдағы он бір буын да, соңғы жолдағы жеті буын да — қазақ- өлеңіндегі қашанғы өлшемдер. Бұл арада ақынның екі өлшемді бір шумаққа сыйғызуы тың айшық екенін ғана атап өту ләзім. Осының өзі Ф. Е. Корштың он бір буынды өлең жеті буынды өлеңнен кейін туғандығы, дәлірек айтқанда, жеті буынды өлеңнің екінші цезурасынан кейін тағы бір төрт буын қосылып (7 + 4)) барып он бір буынды өлшем қалыптас-қандығы туралы айтқан пікірін еріксіз еске түсіргендей.

Мынау да өз келесінде тым тәуір тың айшық:

3

/Гавана/



3

/Арада/


3 3

/Мұхит бар/ /тулаған/

3

/Тобыр бар/



3

/Обыр бар/

3 3

/Обам деп/ /шулаған/



(С. Сейітов.)

Дегенмен мұны да жаңа өлшем ретінде ұсыну қиын. Өйткені бұл да — бұрыннан бар, кәдімгі алты буынды өлең; ақын соның бірінші, үшінші тармақтарын әр цезураның тұсында ойната ұйқастырып, оған өзгеше саз берген.

296

5 5 3


/Мен ғашық едім/ /кезімнен сонау/ /ес білген/

5 5 3


/Сәби боп жүріп/ /сағыныш көлін/ /кештім мен/

(Д. Канатбаев.)



4 3 4 3

/Көркемдік бар/ /дегенді/ /ғашықтардың/ /тілінен/

4 3 4 3

/Еркіндік бар/ /дегенді/ /ескен желден/ /біліп ем/



(Ж. Нэжімеденов)

4 4 4


/Толқыныннан/ /қайтпас қайрат/ /жойқын күшті/

3

/көрём мен/



4 4 4 3

/Асқак үнді/ /жыр шумағын/ /таптым теңіз/ /сенен мен/

(3. Шүкіров)

4 4 4 4


/Жол жыландай/ /ширатылып/ /мың оралып/ /шың тасына/

4 4 4 4


/Құз қойнынан/ /өрмелейді/ /қарт Балқанның/ /қырқасына/

(Ә. Сэрсенбаев )

5 5 5 3

/Үмітке толы/ /арманға толы/ /әр жерде бір түп/ /қарағай/



5 5 5 3

/Сағынбай жүрсе/ /қалуы мүмкін/ /жамырасуға/ /жарамай/

(Т. Айбергенов)

Бұл мысалдардағы әр тармақ, он үш, он төрт, он бес, он алты, тіпті он сегіз буынға жеткен. Демек, ұйғыр өлеңін зерттеуші М. Хамраевтың “Қазақ өлеңінің тармағы он бір-он екі буыннан аспайды, яғни оның түрлері ұйғыр поэзиясынан гөрі аз”* дегені — асығыс айтылған пікір. Алайда

М. Хамраевтың он төрт буынды туркум (тармақ) деп ұсынып отырғаны (Билди булбул әмәсмән қизил гүлгәә бепәрва) ұйғыр поэзиясында бұрыннан бар жеті буынды туркумның (Сени хойма сеғиндим / / Күн пе-тишқа беқиндим) екі жолға емес, бір жолға бірігіп жазылуы ғана екені сияқты, жоғарыдағы мысалдар да қазақ поэзиясында бұрыннан бар әр буынды тармақтардың,

М. Хамраев, Түрік өлеңі теориясының очерктері, А, 1969,

297


бір жолға тұтасуының түрліше вариациясы екенін ескеріп, бұларды да қазақ өлеңіндегі тың өлшем ретінде ұсынуды орынсыз көрдік. Әрине, бұл айтылғандар жоғарыдағыдай созалаң буынды тармақтардық ақындар үшін ой еркіндігіне, шындық пен сурет сыйымдылығына әжеп-тәуір мүмкіндік беретінін жоққа шығармасқа керек. Дәл осы ретте ғана біз М. Хамраевтың: “Түрік тілдес -лықтар поэзиясындағы революциядан кейінгі дамудың жалпы тенденциясы — еркін өлшемді өлеңдердің молаюы”,— деген тұжырымын кұптаймыз. Аралас буынды өлендердің көбею себебі де осы тенденцияда жатыр. Тііпті, бұрыннан бар үлгілердің өзі түрленіп, тың машықтарға көшуі де сондықтан. Жоғарыда аралас буынды өлеңнің бір түрі ретінде С. Сейфуллиннен мысалға келтірілген шумақтың пішін жағынан жаңалығы — үш жолға жазылған және жағалай ұйқасқан он екі буынды үшінші тармағында ғана, әйтпесе, ол — әдеттегі он бір буынды өлең. Сол секілді мынау да басқа жақтан келген емес, өзімізде бұрыннан бар, кәдімгі жеті және сегіз буынды өлшем:

Жүйткі, кара айғырым,

Ұрпағын мол жайғырым'

Терісі — темір,

Сүйегі —

Болат,


Шеп — сым,

Демі — от

Айғырымның барында

Кімнен кем менің байлығым'



(С Мұқанов )

Бірақ мұндағы цезуралар мен клаузулалар жаңа ырғаққа көшкен де, өлең тармақтарының сол жаңа ырғаққа қарай бөлінген әр баспалдағында өз алдына тың мағына пайда болған. Мазмұнға бағынған пішін осылай құбылып, қызық айшық тапқан. Сәтті тәжірибе!

Осы айтылғандардың бәрі е к п і н ге е м е с, б у ы н ғ а н е г і з д е л г е н с и л л а б и к а л ы қ ө л е ң ж ү й е с і н і ң де а л у а н-а л у а н е р к і н ө л-ш е м д е р т у ғ ы з у м ү м к і н д і г і м о л ек е н і н а ң ғ а р т а д ы.

298


ҰЙҚАС

Өлеңді өлең ететін ырғақпен катар ұйқас екені белгілі; ал ұ й қа с, яки р и ф м а (грекше гһуіһтоз — өлшемдес, мөлшерлес) — клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда,өл е ң т а р –м а қ т а р ы н д ағ ы с ө з а я қ т а р ы н ы ң ү н д е с т і г і, ө з а р а ұ қ- с а с, д ы б ы с т а с е с т і л у і. Ұйқас — өлеңнін, сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнін, сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.

Поэтикалық синтаксистегі айшықтың (фигураның) мәні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мәні де сондай. Ұйқастың маңызы әсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор.

Ұйқас өлеңді шығармадағы ең салмақты, басты һәм маңызды сөздерді ерекше бөліп көрсету үшін, оған өзгеше мағына дарыту, мән беру үшін де керек. В. Маяковский, мәселен, ең кенеулі сөзін өлен, тармағьшың аяғына қойып, соған қайткен күнде де қажетті ұйқас іздеп табады екен. “Ұйқас сөзді әдепкі тармаққа қайтарып әкеледі,— дейді ол,— оны қайтадан ойлатады, бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады”*,

Поэтикалық үндестік фонетакалық жағынан әр түрлі жолмен жасалады. Ұйқас та соған байланысты.

Әдетте, ұйқас — екі жол өлеңнің соңғы сөздерінің бірдей не бірдейге жақын естілуі:

Біз еккен кездессеңдер көк шыбыққа,

Құрмет ет, бір бұтағын жерге жықпа!



(С. Бегалин )

Дұрыс, ұйқас — осы; бірақ мұнымен тоқтамай, бірінші тармақтың ақырғы бунағындағы үндестік екінші тармақтың алғашқы бунағына, яки аяқтағы клаузуладан бастағы цезураға ауысып, ұйқас тереңдей түсуі мүмкін:

Асау жүрек алқынып, аттай тулап,

Аттай тулап, денені кетеді улап

(Ж Сыздықов )

* В Маяковский, Таңдамалы шығармалары, М, 1953, 2-том, 470-бет

299


Мұяымен де қоймай, кейде егіз тармақтар аяқтан ғана емес, бастан да ұйқасуы мүмкін:

Адам мерт, тағдыр кенет жалт бергенде,

Қалар серт, жете алмайды ант бергенге.

(Қ. Тоғызақов.)

' Бұл — бұл ма, енді бірде егіз тармақтардың әрбір сыбайлас бунақтары жаппай үндестікке көшіп, ұйқас өлеңнің өн бойына тарап кетуі де ықтимал:

Құм жатады....



Каталог: Книги
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет